Bugin

Ақтөбедегі бір жасар сәбидің өліміне қатысты жантүршігерлік деректер белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбедегі бір жасар сәбидің жан түршігерлік өлімін полицейлер тергеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Ресми сараптамаға сәйкес, сәби жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Бірақ көршілер мен еріктілер қорқынышты мәліметтермен бөлісті. Бала мен оның төрт жасар інісі маскүнем ананың қолында өскен. Олардың айтуынша, анасы балаларына тамақ бермеген. Бұл отбасындағы жағдайды қорғаншылық органдары мен полицейлер білген. Бірақ іс жүзінде ештеңе жасамаған.

Балалардың жағдайы туралы ең алғашқы дабыл қаққандар – көршілер. Олардың айтуынша, анасы бұл үйге 6 жыл бұрын көшіп келген. Көршісі Анастасия Муромцева ол әйелді ешқашан сау көрмегенін, тіпті ата-анасымен бірге ішімдік ішетінін айтады. 

“Мен үйіне бардым, бәрі ұйықтап жатыр, кішкентайы балалар арбасында отыр, жөргегі қанша күннен бері ауыстырылмағанын білмеймін, жанында тек бір бөтелке су. Бала өте арық. Учаскелік полиция қызметкерін шақырдым, ол келді, біз ішке кірдік, мен балаларды алып, үйіме жүгірдім”, – дейді көршісі Анастасия Муромцева.

Көршілері қорғаншылық органдары мен полицияға қайта-қайта хабарласқандарын айтты. Бірақ олардан ешқандай жауап болмаған. Өткен жылдың қазан айында көрші үйлердің тұрғындары көмек сұрап еріктілерге жүгінген. 

Еріктілер балаларды сәбилер үйіне орналыстырылған. Бірақ бір аптадан кейін әкелері алып кетіп, балалардың анасына апарып тастаған. Кейін отбасы мекен-жайын өзгертіп, еріктілер оларды көпке дейін таба алмаған. Кіші Вованың қайтыс болғанын қамқор азаматтардан естіген.

Бала 23 ақпанда көз жұмған. Анасының айтуынша, баласының өліміне пневмония себеп болған. Бірақ сараптама баланың жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын көрсетті. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бала көз жұмған соң төрт күннен кейін ғана жерленген. Көршілері мас ата-ана баланың жерлеуге бара алмағанын айтады. Жерлеу жұмыстарын еріктілер мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қолға алған. Куәгерлер анасының зиратқа келмегенін айтады. Көршілердің айтуынша, бұл отбасыдағы көз жұмған екінші бала екен.

“Бес баласы болатын. Үлкені мүгедек, ол “Үмітте”, екінші, Максим, “Яйсанда”, одан кейін үшінші бала, бір жарым ай болды, ол көз жұмды, ол да дәл осылай ауырды. Содан кейін Лёша, ол балалар үйінде болды, ал қазіргі кішкентай, бесіншісі болатын”, – дейді көршісі Анастасия Муромцева.

Егер балалар анасына қайтарылмаса, қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді, дейді еріктілер. Ал, білім басқармасы әйелдің төрт баласы үшін ата-ана құқығынан айырылғанын, бірақ әкесінің шектеуі жоқ екенін айтты. Сондықтан оған оларды алуға рұқсат берілген.

Бір жасар Вова көз жұмғаннан кейін оның үлкен ағасы балаларды оңалту орталығына жіберілді. Қазір балалардың әкесін ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр.

Айта кетейік,  Ақтөбеде ішімдікке салынған отбасының үйінен бір жасар  бүлдіршіннің мәйіті табылғанын жазған едік. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61