Weekend
Өз бетіңізше білім алу үшін аптасына қанша уақыт бөлесіз? Әлде мұны ЖОО-ны аяқтағалы бері есіңізге алмадыңыз ба? Онда "Ештен кеш жақсы" деп өз бетіңізше білім алып, өзіңізді дамытудың 5 сағат ережесін ұсынамыз.
5 сағат ережесі не үшін қажет?
Білім – ХХІ ғасырдың қаруы, қымбат қазынасы. Технологияның дамуымен білім берудің дәстүрлі көне әдістері де тарих қойнауына қалып бара жатыр. Бәрінен бір қадам алда болу болу күн өткен сайын қиын бола түскендей. Әсіресе, қым-қуыт қарбалас тірлік пен күн сайынғы бәсеке мұны тіпті қиындатып жіберді.
Бұдан шығудан бір амалы бар. Ол – өзіңізді дамытып, біліміңізді шыңдау. Сіз күн сайын жаңа нәрсе біліп, білігіңізді арттырып отыруыңыз керек. Өз мамандығыңызға қажет білім мен тәжірибені ғана емес, басқа саланың да білімін байқап көруден бас тартпаңыз. Пәнаралық интеграция -- қазіргі заманның тағы бір тренді. Мұның нәтижесі керемет. Бұл қазіргі заман талабы ғана емес, әйгілі адамдардың барлығы білімдерін арттырып отырған. Сауалнамаға қатысқан 200 миллионердің 67% теледидар көрмейді, 86% күн сайын кітап оқиды, ал 63% – аудиокітаптар тыңдайды. Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Илон Маск, Уоррен Баффет, Девид Рубенштейн – бұлардың бәрі ірі компанияларды құрумен ғана емес, уақыттарының көбін өздерін дамытуға жұмсаумен әйгілі.
Әрине, аптасына 5 сағатыңызды өзіңізге дамытуға жұмсасаңыз ең бай адамдардың қатарына қосылып кетесіз деп айта алмаймыз. Бірақ олардың көбі осы ережені дұрыс ұстанғаны анық.
5 сағат ережесі – бұл аптасына білім алуға, ой жүгіртуге және тәжірибе жасауға бес сағаттан кем емес уақытыңызды бөлуге негізделген біліміңізді тұрақты арттырып отыру жүйесі. Яғни, күніңізді бір сағатын білім алуға жұмсайсыз. Әйгілі америкалық саяси қайраткер Бенджамин Франклин дәл осы жүйемен жұмыс істеген. Бір аптада 112 жұмыс сағаты (8 сағат ұйқыға) бар десек, онда бұл бүкіл уақытыңыздың 4,4% бөлігі ғана. Тамақтануға бұдан аз уақыт жұмсамайтынымызды ұмытпаңыз.
Аптасына 5 сағатты миыңыздың дамуына бөлу – бұл тәнімізге арналған міндетті гигиеналық қажеттілік сияқты нәрсе. Күн сайын жуынып, тісімізді жуып, жаттығу жасап, тамақтануды ұмытпаймыз. Енді зердемізге де уақыт бөлетін кез келді. Мүмкіндігіңіз бен ынтаңыз болса көбірек оқуға тырысыңыз. «AT&T» компаниясының бас директоры Рэндал Стефенсон айтқандай, аптасына 5-10 сағатын білім алуға жұмсамаған адам «бұл сөздің технологиялық мағынасында, моралдық тұрғыда қартаяды».
Білім алу – білімнің сапалы екенін білдірмейді. Сіз алынған әрбір ақпаратты пайдаға асыра білуіңіз керек. Өз бетіңізше білім алуға ден қойған болсаңыз, оның үш тірегі жайлы ұмытпаңыз.
Табысты адамдардың өмірінде оқудың қандай маңызды екенін айтып өттік. Ендігі сіздің тапсырмаңыз – күн сайын кітап оқуды әдетке айналдыру. Өзіңізге қажетті, дамытатын кітаптардың тізімін жасап, күн сайын кем дегенде 20 минут кітап оқуға бөліңіз. Қандай тығыз жұмыс болса да, бұл ешкімге қиындық тудырмайды. Электронды кітапты кез келген жерде оқуға болады. Кептелісте тұрғанда, кезек күткенде, үзілісте уақытыңызды текке жібермей, кітап оқыңыз. Өзіңізге ұнаған қызықты ойларды, пікірлерді қойын дәптеріңізге түртіп отыруды да әдетке айналдырыңыз. Бұл сізге келесі қадамдарыңызды қажет болады.
Оқудан алынған ақпараттың бәрін еске сақтау жеткіліксіз, оны сараптау керек. Қойын дәптеріңізге түртіп қойған жазбаларды оқып, мағынасын ой жүгіртіңіз. «Алған білімімді өміріме қалай пайдалана аламын?» деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Тек сонда ғана оқыған еңбегіңіз еш кетпейді.
Google-дың табысқа жетуінің бір құпиясы – оның қызметкерлері жұмыста "20 percent time" қағидасын ұстанады.Яғни қызметкерлер жұмыс уақытының20%-ын тәжірибе жасауға, ойларын жүзеге асыруға жұмсайды. Мысалы, әйгілі әлемдікGmailпошта қызметі осылай пайда болған.
Оқу мен ой жүгірту сияқты тәжірибе жасау да айнала әлемді танудың маңызды әдістерінің бірі. Тәжірибе нәтижесінде сіз теориялық біліміңізді тәжірибеде расталған шынайы нәрсемен толықтырасыз.
Оқу мен ой жүгірту кезінде пайда болған идеяларды қалай жүзеге асыруға болатыны жайлы ойланыңыз. Мысалы, ділмәр шешен болғыңыз келсе, онда досыңызға арнап ерекше құттықтау жазыңыз. Бұған уақытыңыз да, күшіңіз де көп кетпейді. Ал есесіне сіз өз мүмкіндігіңізді бағалап көресіз.
5 сағат ережесі заман ағымынан қалғысы келмейтін, әр күн сайын дамуға, табысқа жетуге ұмытылған жандар үшін. Ал сол 5 сағатты білім алудың үш тірегіне қалай бөлу – ол сіздің қалауыңыз бен мүмкіндігіңізге байланысты. Оқыңыз, ой жүгірітіңіз, тәжірибе жасаңыз, біліміңізді шыңдап, биіктерді бағындырыңыз.