Bugin
Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов өлімінің болжамды себебі белгілі болды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бас прокуратура прокурор жүрек талмасынан қайтыс болғанын атап өтті.
9 наурыз күні Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында көз жұмды.
Марат Әлиханов 1965 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған.
Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.