Bugin

"15 жасар қызды қорлаған": Қарағандыдағы оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды қаласында лифтте 14 жастағы қызды азғындамақ болған азаматқа "зорлық-зомбылық әрекеттеріне оқталу" туралы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

14 наурызда ер адамға жасөспірімді азғындау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Полиция департаменті сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда наурыз айының басында 23 жастағы ер адам лифтте 14 жастағы қызды қорлағаны туралы видео тараған еді.