Bugin

Күйеуінің көңілдесін тізерлетіп видеоға түсірген келіншекке үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанда әйел күйеуінің көңілдесін алдына тізе бүгуге мәжбүрлеген видеосы желілерде кеңінен тарады. Бұл әрекеті үшін әйел айыппұл төледі деп хабарлайды Bugin.kz порталы UzNews порталына сілтеме жасап.

Бұл видео өткен жылдың 28  қыркүйегінде тараған. Әйел күйеуімен қарым-қатынаста болды деп айыптаған көрші махалла тұрғынын балағаттап, тізе бүктірген.

Осы факті бойынша құқық қорғау органдарына азамат Д. атына аталған іс бойынша материалдар қылмыстық істер бойынша аудандық сотқа қарауға жіберілді.

Сот шешімімен азаматшаға қорлағаны үшін кінәлі деп танылып, айыппұл салынды.