ДАМУ

Иммунитетті қалай жақсартамыз? - Маман кеңесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иммунитет – ағзаның кез келген ауруға төтеп бере алатын, зиянды заттармен күресе алу қабілеті. Әрине, мұндай қасиет ағзаның тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, вирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы тұра алатынына тікелей байланысты. Нутрицолог маман Талшын Артыққызының айтуынша, иммунитеті жоғары адам көптеген жұқпалы аурулардан жақсы қорғанады.

Иммундық жүйенің негізі ішекте жатыр. 80-90%-ы ішекте. Неге? Себебі біз өмір сүру үшін тамақ жеу керекпіз. Ал тамағымыз толықтай витаминдерге, минералдарға және биологиялық қоспаларға бай болуы қажет. Ал ағзамызға енбек болған тағамның бәрі ішекте сіңетіні сөзсіз. Біздің ішегімізде 3 килограмға дейінгі микробиота өмір сүреді. Олар - біздің ағзамыздағы пайдалы бактериялар. Яғни, лактобактериялар, бифидобактериялар. Адамның ішек жүйесі дұрыс жасаса, иммундық жүйесі де жақсы істейтін болады, - дейді нутрицолог.


 Иммунитетті туа бітті және өмір сүру барысында пайда болған деп екіге бөліп қарастырады. Әдетте табиғи иммунитет сәбиге ана сүті арқылы және кіндік тамыры арқылы қанмен беріледі. Ал кейбір ауруларға қарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталып қалады. Мысалы, адамдар шешек, обамен бір рет ауырса, екінші рет онымен ауырмайды. Иммун тапшылығы кез келген адамды ауруға алып баратын тіке жолдың бірі. Сондықтан әр адамға денсаулығын сақтау және иммундық жүйені нығайту маңызды. Сондықтан фастфуд өнімдерден бас тартып, тамақ сапасын жіті бақылауға алған жөн.

Біз жеміс-жидек пен көкөніс пайдалы деп жиі айтамыз. Себебі олар жасушаның көзі саналады. Алайда ол жеміс-жидек пен көкөністің өзін өз маусымында таңдап жеу қажет. Олар нитраттар мен ниттриттермен, әртүрлі дәрі-дәрмектермен көмкерілген болса, олардан бізге ешқандай пайда болмайды. Сол себепті ең бастысы құрамын білуіміз керек, - дейді Талшын Артыққызы.

Талшын Артыққызы

Талшын Артыққызы

Талшын Артыққызы

Бүгінде иммунитетті көтеру үшін дәрумен қабылдау әдетке айналған. Ағзаңызда қандай дәрумендер бар екенін және қандай дәрумендер жетіспейтінін арнайы анализ тапсыру арқылы анықтауға болады. Дегенмен, мүмкіндігінше, биологиялық белсенді қоспаларға бірден жүгірмегеніңіз жөн. Себебі, ағзадағы антиденелер бактерия, вирустармен өздігімен күресуі керек.

Бірінші біздің ағзамыз синтездей алатын витаминдер бар. Мысалы, D витаминін біздің ағзамыз да синтездейді және сырттан күн сәулесінен аламыз. Одан бөлек витамин түрінде басқа формаларда да қабылдаймыз. Сонымен бірге біздің ағзамызда синтелмейтін витаминдер де бар. Оларды біз тек қана тамақпен немесе сыртқы ортадан алу керекпіз. Осы мәселе тұрғысында егер сіздің ағзаңызда синтезделетін витаминдер жеткілікті болса онда біз оларды қабылдамаймыз. Немесе адам толықтай дұрыс тамақтанатын болса бізге барлық витаминдер келеді деген сөз, яғни, сырттан витамин керек емес, , - дейді маман.


Сонымен қатар, денені шынықтырудың да маңызды екенін есте ұстаңыз.

  • Көп қимылдаңыз. Қимыл кезінде адамның қан айналымы жақсарып, бұлшық еттері қалпына келеді. Дененің қозғалысы ішектің де бұлшық еттерін реттеп, қызметін жақсартады.

  • Ақуызға бай тағамдар мен жеміс-жидиекке әуес болғаныңыз абзал. Тамақтан соң 2 ас қасық өсімдік майын ішкеніңіз пайдалы.

  • Ұйықтаудан жарты сағат бұрын бір стакан сүт өнімін ішуді әдетке айналдырсаңыз, ондағы бактериялар асты қорытуға көмектеседі.

  • Және ұйқының сапасына мән беріңіз. Дұрыс ұйқы да салауатты өмір салтының басты бөлігі.

Осылайша, дұрыс тамақтанып, көбірек қимыл – қозғалысқа түсіп, ұйқыны жөндесе иммунитет тапшылығы болмай, кез-келген жұқпалы аурулармен жақсы күресетін болады.