Bugin

Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан бейнесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желтоқсан десе, әркім әрқалай айтады. Тарих беттері нақты фактілермен, сандармен сөйлесе, не болмаса желтоқсаншыларды біресе, "нашақорлар, ұлтшылдар" деп кінә тақса, әдебиетте қалай суреттегеннің білгіміз келетіні сізді қызықтыра ма?

Жазушы "желтоқсан оқиғасы" туралы жазғысы келсе, сюжетпен, болған оқиғаны астарлап жеткізеді. Менің дипломдық тақыбырым, желтоқсан оқиғасына байланысты, яғни әдебиетте желтоқсан оқиғалары қалай суреттелгенін анықтағымыз келеді. Әдебиетте "желтоқсан оқиғасы" шағын әңгіме түрінде не драмалық қойылым ретінде көрсетіліп жүргенін байқаған шығарсыз? Желтоқсан оқиғасы туралы тек қана тарихта оқып қоймай, әдебиеттеде шығармаларды оқуға кеңес беремін. Желтоқсанға байланысты қандай шығармалар жазылғанын айтып кетейін, мүмкін жас ұрпаққа пайдасы тиер. 
    Біз қозғайын деп отырған әңгіме - Асқар Алтайдың «Прописка» әңгімесі мен «Сібір офицері» әңгімесі. Және Ерболат Әбікенұлының «Желтоқсан ызғары» деген хикаят жайлы сөз қозғағым келеді. Үш әңгімені бір-бірінен бөліп, жару қате деп ойлаймын. Әр жазушы өзінің стилімен ерекше жазған. Желтосан оқиғасы шығармаларды жыламай оқу мүмкін емес. Әр оқыған сайын намыстанып, рухтанып қалатынымда өтірік емес. 
    Әсіресе «Желтоқсан ызғары» әңгімесінде қалған екі әңгімеге қарағанда жастарды қалай қорлағанын көре аламыз.  Оны шығарманын мына үзіндісінен байқай аламыз: "Есімді жиғанда Жанарды әлгі май бас орыс қардың үстінде жұлмалап жатыр екен. Сүзіліп түскен көше шырақтарынан барлығы анық көрініп тұр. Ақ балтыр, ақ бөксе...» әңгіменің осы жерін оқи отырып, көзіне еріксіз жас келгенін өзінде байқамай қаласын. Шығармада Жанар мен Азаттың жаңа ғана үйленген жас жұбайлар екенін, аспирантураны енді бітіріген жастар екенін байқаймыз. Әңгіме барысында Желтоқсан оқиғасының басталғанына екінші күн екенін аңғарамыз. Екі ғашықтың кіршіксіз таза махаббатын, бір-ақ сәтте жауыз орыс офицерлері бұзды. Оны мына жолдан: «Өзім жұлмақ тұр ғой иіскеуге қимаған аппақ гүлім нәжіске батып барады» дегеннен аңғарамыз. Шығармадан байқағаным, орыс офицерлері желтоқсан оқиғасын пайдаланып, қыздарымыздың арын таптап, ұлдарымызды жазықсыз соққыға жығып, сау адамды мүгедек қылғанын астарлап жеткізгісі келді. 
Жазушы желтоқсан оқиғасын айтпас бұрын шығарманың басында, астық пен соғысты да бекер айтпағанын түсінеміз. Шығармада бомж Азат әңгімесін былай бастайды: «Иттің балалары-ай, сендер-ақ түбіме жететін болдыңдар ғой!» Аштық деп атамды әкеттіңдер. Соғыс деп әкемді әкеттіңдер! Ол аз болғандай «Желтоқсан» деп әйелімді әкеттіңдер. Мені мүгедек еттіңдер! Иттің балалары» деген сөздерінен аңғарамыз. Әңгімені оқи отырып, жыламау мүмкін емес. Тіпті Азат ары қарай сол оқиғадан кейін аман қалсада, Желтоқсанның сол қаһарлы түнін әлі күнге ұмытпайтынын, желтоқсан алаңына барып, құран бағыштағынан көреміз және сол оқиғанын зардабын әлі тартып келе жатқанын денсаулығынан аңғарамыз. 
     Асқар Алтайдың «Сібір офицері» мен «Прописка» әңгімесіндегі ұқсастық, кейіпкерлерінің әскери адам болғандығы. «Прописка» әңгімесінде аты айтып тұрғандай басты кейіпкер Архат 7 жыл бармаған ауылына, пропискаға отыру үшін барады. Бұл Асқар Алтайдың «Прописка» әңгімесін бір оқыған адамға қарапайым шығарма секілді көрінуі мүмкін. Бірақ зер салып қараса, жазушы басқа бір шындықты айтқысы келді деп ой түйдім. Яғни сол жылдары үлкен әже-аталарымыздан естуімше, қазақ жастарын Алматыға үлкен қалаларға «прописка» болмаса кіргізбей, тіпті оқытпауға дейін барғанын айтады. Қазақ жастары мектеп бітіргеннен кейін мал шаруашылығында екі жыл жұмыс істеу міндетті екен. Аңқау жастар бір жағынан астарлы саясаттың кесірінен, ауылда екі жыл қалып, жұмыс істеп, отбасын құрып, ары қарай өмірін өткізерін өздері білмеді де, Ауылда қалған жастар, тұрақты жұмысы мен отбасы болғасын, бастапқы «оқимын» деген арманы күлге айналғанын уақыт өте өзіде байқамай қалады. Менің бұл естігенім, ал айтылмаған шындық қаншама. 
     Ал «Сібір офицері» әңгімесін оқығанда, тарихта да айтылады ғой, желтоқсан көтерілісшілерін басу үшін, жан-жақтан әскери көмек келгенін және офицерлер әрбір адамның алдына тұрып, алаңға кіргізбегенін, тіпті офицерлер алаңға шыққан қазақ жастарынан 2-3 есе көп екенін тарихта айтылмағаны жайдан жай емес.  Жазушы сол оқиғаны негізге алып, шығарманы жазған деген ойға келдім. Мағрипа ШӨЖЕҒҰЛҚЫЗЫ: «Қазақтың намысқойлығы да басқаға ұқсамайды. Асқар Алтайдың «Сібір офицері» әңгімесіндегі жалғыз қазақтың келбеті – сондай өршілдіктің жұрнағындай бір мысал» -деп баға беріпті.
   Қазақ әдебиетінде «Желтоқсан» оқиғасы туралы қандай шығарманы оқиық, жазушыларымыз бізге өзіңше әрқилы нұсқада жеткізседе, астарында бір мән бар екенін ұға жүрейік. Желтоқсан оқиғасының өткеніне 30 жылдан астам уақыт өтті. Шындық барынша ашылып, жас ұрпақ білсе деген ниет қана. Желтоқсаншылардың қаны мен көз жастары бекер зая кетпегенін жастар білсе, біз үшін бақыт болары сөзсіз. 

Алтынгүл Қожагелді 
Абай атындағы Ұлттық 
Педагогикалық университетінің  4 курс студенті