ДАМУ
Осы бір сұрақ төңірегінде талай даулы пікірлер болған. Біреулер оны "Гитлерге қызмет етті. Түркістан легионын кұрды" деп жазды.
Бірақ бұл пікір жалған еді. Ол Түркістан халықтарының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін, қорлық пен зорлықтан, рухани құлдықтан құтқару үшін аса зор жауапкершілікті көтерген адам болды. Кеңестік жүйеге қарсы шыққан қазақ ұлтының интеллигенциясының көшбастаушыларының біріне айналды.
Мұстафа орыс, түркі, өз ана тілімен қоса тәжік, ағылшын, француз, неміс тілдерін жақсы білген. Оның көп тіл білуі келешектегі саяси күресіне көмегін тигізеді.
Мұстафа Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мүддесін қорғап патшаның отаршыл саясатын аямай сынады. Түркістан халықтарының құқығын қорғау женіндегі өкілдер комиссиясының жетекшісі болған. Ол мемлекеттік думада өз халқының мұңын жоқтаған тұңғыштардың бірі еді.
1918 жылдың ақпанында Кеңес үкіметінің әскери жасағы Түркістан автономиясын күшпен таратты. Үш күннің ішінде көне қаланың күлі көкке ұшады.
Мұстафа Шоқай осы кезде Ташкентке қашып, аман қалған. 21 жыл бойы Еуропада эмиграцияда жүреді.
Ол 30-шы жылдардағы колдан жасалған аштық пен қызыл репрессия туралы дәлелді деректермен большевиктік саясаттың шындығын ашады.
КСРО-ның нағыз "дұшпанына" айналған Мұстафа Шоқай 1941 жылы 22 маусымда тұтқындалып, 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде қайтыс болады.
Дереккөз: "Тұңғыштар" кітабы, Ш. Күмісбаев.