Bugin
Тұз – ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін маңызды рөл атқаратын қажетті компонент. Сондай-ақ тұз тек тағамға ғана қоспа емес. Ол өндірісте әйнек, қағаз, пластмасса, сабын сияқты 14 мың түрлі бағытта пайдаланылады. Орта ғасырларда тұздың қымбат болғаны соншалықты, оны кейде "ақ алтын", шамадан тыс мөлшерде қолдану өлімге әкеліп соқтыратындықтан "ақ өлім" деп атаған деп атаған. Ендеше бүгін қолданыстағы ас тұзының пайдасы мен зиянды тұстарына тоқталсақ.
Тұздың маңызы мен пайдасы
Ас тұзы адам ағзасы үшін өте маңызды. Біздің денеміз тұзды өздігінен шығара алмайды, сондықтан ол тамақпен бірге келуі керек.
Натрий мен хлор қышқыл тепе-теңдігін сақтауға және қан қысымын реттеуге қатысады, ондаған өмірлік маңызды гормондарды өндіретін бүйрек үсті бездерінің қызметін қолдайды.
Тұздың тәуліктік нормасының 1/5 бөлігі асқазан сөлінің құрамдас элементі - тұз қышқылын өндіруге жіберіледі. Бұл қышқылдың маңызы зор, өйткені онсыз ас қорыту жүрмейді.
Егер денеде тұз жеткіліксіз болса, онда сіз қысымның төмендеуін, жылдам жүрек соғуын, әлсіздік пен тіпті денеңіздің құрысуын байқай аласыз.
Адамның күндік рационында орта есеппен 8 грамға жуық ас тұзы болғаны жөн. Денеге көп күш түскенде, цехтарда істейтін жұмысшыларға, алыс қашықтыққа жүгіретін спортшыларға тамақтағы тұзды қосқанда тәулігіне тұз тұтынуды 10 грамға дейін арттырған жөн. Дегенмен, ересектерде күніне 5 грамнан аз тұз жеу қан қысымын төмендетуге және жүрек ауруы, инсульт және инфаркт қаупін азайтуға көмектеседі. Тұзды тұтынуды азайтудың басты артықшылығы жоғары қан қысымының сәйкес төмендеуі болып табылады.
Америкалық диетологтардың айтуынша, «тұзды алтылық» – ағзадағы натрийдің тым артық болуына ықпал ететін ең қауіпті өнімдер. Оларға нан(тоқаштар), шұжық (қақталған ет), бургер, пицца, консервіленген өнімдер және жартылай дайын өнімдер жатады;
Тұздың зияны
Тұзды шамадан тыс көп қолданғанда да тудыратын қауіп-қатері аз емес. Ас тұзынан мүмкіндішінше бас тарту ешқандай жағымсыз әсерлер тудырмайды. Бірақ бұл өнімнен не үшін бас тарту керек? Басты себептерін қарастырар болса, тұз:
Дәм сезу рецепторларын жою. Адамның аузында миллиондаған дәм сезу рецепторлары болады, біз қаншалықты тұзды тамақ жеген сайын, олардың сезімталдығы соншалықты жойыла бастайды.
Семіздікке ұшыратады. Тұз тәбетті арттыруға әсер етеді. Тұздың әсерінен ағзада сұйықтық көбейіп, артық салмақ қосылады.
Шығару жүйесіне түсетін ауыр салмағы бар. Ағза тұз өнімдерін тердің, жастың және несептің көмегімен шығарады, оның мөлшері көп болған жағдайда бүйрекке ауыр күш
Буындар мәселесі де кездеседі. Тұз ағзадағы сұйықтықтың теңгерімін бұзатындықтан, шеміршектер үйкеле бастайды, ал бос қалған жерлерде тас қалдықтары жинала бастайды.
Асқорыту жүйесі жұмысының нашарлауы. Тұздың айтарлықтай ащы екенін ескеру керек, шырышты қабаттармен тікелей байланысқа түскенде оларды қоздырып, тіпті бүлдіруі де мүмкін.
Көру аппараты жұмысының бұзылуы. Тұзды шамадан тыс пайдаланатын адамдардың көру қабілетінің көрсеткіші айтарлықтай төмен болады. Бұл қантамыр жүйесіндегі қысымның жоғарылауымен және су мөлшерінің шамадан тыс болуымен байланысты.
Әлемде
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттер 2025 жылға қарай жаһандық тұзды тұтынуды 30%-ға қысқартуға келісті.
Себебі, тұз қорытылмайды және ағзаға сіңбейді, оның қоректік қасиеті жоқ, құрамында витаминдер болмайды. Сондықтан, күнделікті қолданыстағы тұздың мөлшерін жіті бақылауда ұстағаныңыз абзал.