Психология
Біз күнделікті өмірде, жұмыста, оқуда болмасын адамдардың бойындағы психикалық бұзылысты жиі байқаймыз. Ол ұйқының бұзылуы, қорқыныш, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, айқын ойлаудағы қиындықтар және т.б. Психикалық бұзылулар денсаулыққа кері әсер етеді. Яғни, психологиялық ауру өмір жағдайына бейімделе алмайтын және өмірдегі қиындықтарды шеше алмайтын адамның жағдайы деп атауға болады. Осы орайда бүгінде кең таралған 5 психологиялық ауруларға тоқталсақ.
Депрессиялық бұзылулар
Депрессия - бұл әлемдегі ең кең таралған психологиялық бұзылулардың бірі. Орташа алғанда, әлемде 2000 жылы әрбір 10 адам депрессияның қандай да бір түрімен ауырған. Тіршіліктің болмауы, төсектен тұрмау, ұзақ уақыт бойы нашар көңіл-күй, тіпті өмір сүргісі келмеу - бұл депрессияның негізгі белгілері. Депрессия адамның денсаулығы мен жалпы әл-ауқатына теріс әсер етеді. Сондай-ақ көбіне әйелдердегі депрессия босанғаннан кейін болады.
Шизофрения
Шизофрениялық бұзылулар - ойлау мен қабылдаудың бұзылыстарымен, сондай-ақ орынсыз немесе төмендеген аффектімен сипатталады. Дүние жүзінде шизофрения шамамен 24 миллион адамға немесе 300 адамның 1-іне әсер етеді. Шизофрения белгілері үш түрге бөлінеді: оң, теріс және когнитивтік. Олар әйелдерде де, ерлерде де бірдей көрінеді. Шизофрения ерлерде 15 жастан 35 жасқа дейін, ал әйелдерде 27 жастан 37 жасқа дейін жиі кездеседі.
Аутизм
Аутизм - адамның нақты оқиғаларда емес, ішкі немесе шынайы емес (виртуалды) әлемде өмір сүретін жағдайы. Мұндай адам тұйық, айналада болып жатқан нәрселерге қызықпайтын, жабық болып көрінеді. Қазіргі таңда "аутизм синдромы" дамудың ең көп тараған бұзылуы. Аутизм спектрінің бұзылуы 36 баланың 1-іне әсер етеді.
Деменция
Деменция - есте сақтау қабілетінің жоғалуы, интеллектуалдық қабілеттердің нашарлауы. Қазіргі уақытта деменцияның белгілері тек егде жастағы адамдарда ғана емес, жастарда да байқалады. Олар барлық жағдайлардың шамамен 9% құрайды. Сондай-ақ деменцияның жалпы және лакунарлық деп бөлінетін 2 түрі бар. Соңғы жағдайда мидың белгілі бір интеллектуалды жұмысқа жауапты бөліктері зардап шегеді. Дегенмен, дүние жүзінде деменцияның алдын алудың бірнеше бағыттары танылған. Бұл бағыттар тиімді, өйткені деменция жағдайларының шамамен 35% өзгеретін қауіп факторларына байланысты. Бұл факторларды алдын ала жою егде жастағы когнитивті бұзылулардың қаупін азайтады.
Алкогольді делирий
Делирий - ең көп таралған алкогольдік психоз. Алғашқы шабуыл алкогольді жүйелі тұтыну басталғаннан кейін 7-10 жылдан кейін пайда болады. Ол сананың тұтылуы, дене температурасының жоғарылауы, бағдардың бұзылуы, қозу, әртүрлі галлюцинаторлық бейнелерді көрумен сипатталады.
Психикалық аурудың да диагнозын тек арнайы маман ғана қоя алатынын естен шығармаңыз. Егер өз бойыңыздан дұрыс емес өзгерістер байқап жүрсеңіз, маманмен бірден кеңескеніңіз жөн.
Аяулым Нұрсұлтан