ДЕНСАУЛЫҚ

"Асқазан тұмауы": Бұл дерттен қалай емделу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кейде ішіміз бүреді, қабырға, кеуде тұсымыз ауырады. Мұндайда денсаулыққа дұрыстап назар салған жөн. Себебі аталған белгілер асқазан дертіне тән болуы әбден мүмкін. Bugin.kz тілшісі асқазан қай кезде ауыратыны және оған қандай ем қолдану керегі жайлы мәліметтер ұсынады.

Ауа жұтып қойсаңыз...

Иә, кейде ауа жұтып қойып, ішіңіз содан да ауырады. Әсіресе, бұл жағдай сағыз шайнайтындарда жиі кездеседі. Артық ауадан асқазанның бұлшық еттері тартылып қалады. Мұндайда бірнеше уақыт күткен жөн. Кейін ауырғаны басылады. Ал егер қайталанып жатса, терапевтке немесе гастроэнтерологқа көрінген абзал.

Асқазан тұмауы

Асқазанның да тұмауы болатынын бұрын естіп пе едіңіз? Бұл кезде вирусты инфекциялар әсерінен асқазан қабынады. Ішіңіз ауырғаннан бөлек температура көтеріліп, жүрегіңіз айнып, құсуыңыз да мүмкін. Ауру осылай үдеп бара жатса, дәрігерге барыңыз.

Диспепсия

Тоя тамақтанған соң, іштің ауруын осылай атайды. Өте жиі кездесетіндіктен, кейде себептерін де анықтау мүмкін болмай қалады. Мәселен,

артық тамақтанса;

тағамды дұрыс шайнамаса;

алкогольді шамадан тыс ішсе;

ұзақ уақыт бойы іші қатса;

темекі шексе;

стресс болып, қатты шаршаса;

түрлі дәрі-дәрмектер қолданса;

қалқанша безінің қызметі бұзылса;

қант диабеті болса;

асқазан қатерлі ісігіне шалдықса диспепсия болуы мүмкін.

Асқазанның бұлай ауруы ас қорытудың қауіпті себептерінен болуы әбден мүмкін. Сондықтан оған немқұрайлы қарамау керек. Егер диспепсия үнемі қайталанса, гастроэнтерологпен кеңесуді ұмытпаңыз.

Қыжыл

Кофе, газдалған сусын, майлы не ащы тағамдар ішіп-жегенде, қыжыл пайда болады. Мұндайда ауызда қышқыл дәм сезіліп, асқазан бүріп ауырады. Кейде асқазан не өңеште жара пайда болғанда, қатерлі ісікке не инфарктке шалдыққанда да, осылай ауыру мүмкін. Сондықтан қыжыл жиі пайда болса, дәрігерге барғаныңыз жөн.

Ол сондай-ақ гастроэзофагеальды рефлюкс. Бұл асқазанның мазмұны қышқыл асқазан сөлімен бірге өңешке түсетін жағдай деп аталады. Асқазан аймағындағы ыңғайсыздықтан басқа, адам кеуде ортасында жану сезімін сезінеді.

Гастрит

Жоғарыда аталған белгілер –  гастрит симптомдарына ұқсас. Қыжыл, асқазан тұмауы, диспепсия, бәрі қатар келсе, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Өйткені асқазан жарасы пайда болғанда осылай асқынып кетеді. Дұрыс диагноз қойылып, емдеуді бастап кету керек. Кейде бұл дерт қатерлі ісікке ұласуы да мүмкін.