ДАМУ
Әлеуметтанушылар Фриман мен Томпсонның (1989 ж.) айтуынша, адамның әлеуметтік байланыстарының саны орта есеппен 250-ден 5500-ге дейін жетеді. Сонымен қатар америкалық мамандар достық байланыстарды да зерттеген. Олар мұны анықтау үшін жаңа жылда адамдардың бір-біріне жолдайтын ашықхаттарын есептеді. Нәтижесінде достардың орташа саны 121 болған.
Иә, адамдар қаншалықты көп адаммен қарым-қатынаста болғанымен, нағыз достардың саны аз болады. Зерттеушілер жылдан-жылға сауалнамаға қатысатын америкалықтар мен олар көрсететін достарының саны да азая бастағанын байқаған.
Адамдардың өзара байланысы үзіле берген сайын қоғамның дамуы да кешеуілдей береді. Ал әлеуметтік байланысы мықты адамдар ұзақ өмір сүреді деген шын-өтірігі белгісіз ақпарат та жиі айтылады. Алайда сіздің достарыңыз жоқ болса, үмітіңізді үзбеңіз. Біз ұсынған кеңестер кәдеңізге жарап қалуы мүмкін.
1. Алыстағы таныстарды назардан тыс қалдырмаңыз
Сізден шалғайда тұратын таныстарыңызбен қарым-қатынас үзбеуге тырысыңыз. Қазіргі уақытта бір-біріңізді көрмей жүргеніңізбен, олармен таныс болуыңыздың өзі бекер болмауы мүмкін.
Мына бір зерттеуге сүйенсек, танысқан соң дос болып кетуге 50 сағаттық байланыс қажет екен. Ал нағыз дос болу үшін тағы 40 сағат керек. Жақын байланыс орнату үшін 200 сағат кетеді екен.
2. Ескі байланыстарды қалпына келтіріңіз
Бұрын бір-біріңізге сеніп, жақсы қарым-қатынаста болған адамдарды еске түсіріңіз. Олармен байланыс орнату оңайырақ болады. Біраз уақыт көрмегендеріңіз сіздерге жаңа тақырыпта сөйлесуге мүмкіндік береді.
3. Жаңа таныстықтан қорықпаңыз
Бейтаныс адамдармен танысудан жүрексінбеңіз. Оларға өзіміз жайлы айта отырып, өзгемен жақын араласуға болады. Сонымен қатар бейтаныс адамды тыңдауды да ұмытпаңыз. Әңгіме барысында ортақ тақырып табуға тырысыңыз.
Дос табу аса қиын дүние емес. Бастысы, ниетіңіз оңынан болып, шынайы байланыс орната алсаңыз жеткілікті. Мақаланы оқып болсаңыз, бір жанмен достасуға кірісіңіз.
Дереккөз: lifehacker.ru