Weekend

20 миллион долларға бағаланған «қара шаршының» құпиясы неде?

Суреттің қандай құдіреті бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл атақты сурет - суретшінің өмірін ғана емес, көркем өнер тарихын да екі кезеңге бөледі. Ақ қағазға қара шаршының суретін салу үшін ұлы суретші болудың қажеті жоқ. Иә, себебі мұны кез келген адам сала алады. Міне, жұмбақ осында. Дегенмен "қара шаршы" — әлемдегі ең танымал сурет. Оның салынғанына 100 жыл өтті. Ал дау-жанжалдар мен қызу пікірталастар әлі де жалғасып келеді. Ендеше, Малевичтің "қара шаршысының" шынайы мәні мен мағынасы неде?

1. "Қара шаршы" – бұл қара тіктөртбұрыш

Қара шаршы шын мәнінде қара емес және оның қабырғасы бір-біріне параллель орналаспаған. Қара түс бірнеше түстің қосындысынан пайда болған. Бұл автордың ұқыпсыздығы емес, оның принциптік ұстанымы, динамаикалық және қозғалмалы пішін жасауға ұмтылғаны.

2. "Қара шаршы" – сәтсіз салынған сурет

1915 жылдың 19 желтоқсанында Петербургте ашылған "0,10" футуристік көрме үшін Малевич бірнеше сурет салмақшы болады. Уақыт тапшылығынан, суретші жоспарланған суретті салып үлгермейді. Сөйтіп ол картинасын толығымен қара түске бояйды. Осы кезде шеберханаға кірген достарының бірі, суретті көріп: "керемет!" деп таңданысын жасыра алмайды. Содан кейін Малевич осы жағдайды пайдалана отырып, картинасына "қара шаршы" деген атау ойлап табады.

Осыдан түйетін ой: бұл суретте мистика жоқ, тек сурет сәтсіз салынған. Бұл суреттің бастапқы нұсқасының мәнін зерттеуге бірнеше рет әрекет жасалды. Алайда ғалымдар, сыншылар мен өнертанушылар ұлы шедеврге орны толмас залал келтірілуі мүмкін.

3. "Қара шаршы" – бұл түрлі-түсті текше

Казимир Малевич суреттің бейсаналық түрде және "ғарыштық сананың" әсерімен жасалғанын бірнеше рет мәлімдеген. Суреттен "қара шаршыны" ғана көретін адамдардың ойлау қабілеті төмен. Егер осы суретке терең үңіліп, мұқият қарайтын болсаңыз, сіз дәстүрлі қабылдау шеңберінен шығып, қара шаршы емес, түрлі-түсті текшені байқайсыз.

"Қара шаршыға" салынған құпия мағынаны былай тұжырымдауға болады: біз өмірді алғашында тегіс және оның тек ақ-қара жолақтарын ғана көреміз. Егер адам әлемді терең зерттейтін болса, онда оның түрлі-түсті жолақтарын да аңғаруға болады. Осылайша, өмірін де түбегейлі өзгерте алады. Сол себепті бұл сурет адамдарға өмірдің мәнін дұрыс түсініп, мағыналы өмір сүруге мүмкіндік береді.  

Қара түс басқа түстерді жұтып қойған, сондықтан қара шаршыдан түрлі-түсті текше көру өте қиынға соғады. Осы секілді қара түстің астынан ақ түсті, өтіріктің астынан шындықты, өмірден соң өлімді көру қиындық тудырады. 

4. "Қара шаршы" - өнердегі көтеріліс

Суреттің Ресейде пайда болған сәтінде елде Кубалық мектеп ашылады, осылайша сурет өнерінің жаңа бағыты пайда болады. Бұл бағыт суретшілердің жеккөрушілік сезімін оятты. "Супрематизм" термині латын тілінен басымдық деген мағынаны білдіреді. Осындай бағыттардың бірі, супрематизмі негізінде салынған сурет - Малевичтің қара шаршысы болды. Бұл суретте қара түске басымдық берілген. Супрематикалық суреттер бұл шексіз кескіндеме әрі "таза шығармашылық" туынды.

Бір уақытта "қара шеңбер" және "қара крест" картиналары сол көрмеде супрематикалық жүйенің үш негізгі элементін таныстыра отырып жасалды және экспонатталды. Кейінірек тағы екі супрематикалық қызыл және ақ түсті  квадрат салынды.

Супрематизм орыс авангардының ортақ құбылыстарының бірі болды. Оның әсерін көптеген талантты суретшілер бастан кешірді. 

5. "Қара шаршы" – ерекше жарнама үлгісі

Казимир Малевич болашақ заманауи өнердің мәнін түсінді, ең бастысы - қалай берудің және қалай сатудың жолын тапты.

Суретшілер XVII ғасырдан бастап тек қара түспен сурет салып, тәжірибе жасады. 1843 жылы салынған Бертальдің «La Hougue көріністері» («Вид на La Hougue (под покровом ночи)») картинасы қара бояуды басты назарға алған. 200 жылдан соң, Гюстав доренің 1854 жылғы «Ресейдің бұлыңғыр тарихы» («Сумеречная история России»), одан әрі үзіліссіз Пол Билхолдтың 1882 жылы салынған «Жертөледегі негрлердің түнгі төбелесі» («Ночная драка негров в подвале»), Алфонс Алленің «Үңгірдегі негрлердің түнгі соғысы» («Битва негров в пещере глубокой ночью») атты плагиаты болып жалғаса береді. Ал 1915 жылы Казимир Малевич көрермендерге өзінің "қара супрематикалық шаршысын" ұсынды.

6. "Қара шаршы" – бұл саяси қадам

Казимир Малевич елдегі өзгермелі жағдайға икемделген стратег болды.  Патшалық Ресей заманында басқа суретшілер салған  "қара квадраттар" көзге түспеді. 1915 жылы салынған Малевичтің "Қара шаршысы" жаңа, өзекті мағынаға ие болды. Суретші жаңа дәуірдің игілігі үшін революциялық өнерді ұсынды.

Өнерге "шаршының" ешқандай қатысы жоқ. Оны салудың өзі-дәстүрлі өнердің аяқталуы ретінде қарастырылады. Малевич жаңа билікке қарсы шықты. Сталин келгенге дейін Малевич жоғары қызмет атқарып, табысты адамдардың бірі болды.

7. "Қара шаршы" - бұл мазмұннан бас тарту

Сурет бейнелеу өнеріндегі формализм рөлін ұғынуға итермеледі. Формализм-бұл көркем мазмұннан бас тарту. Суретші суретті сала отырып, картинаны "контекст" және "мазмұны" ұғымдарымен емес, "баланс", "перспектива", "динамикалық шиеленіс"сияқты ұғымдарымен бейнелеген.