Саясат
«ВЕТЕРИНАРИЯ» мамандығы елеусіз қалып отыр
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының электронды поштасына осындай үндеу келіп түсті.
Мені және барлық әріптестерімді жоғары білікті кадрларды, әсіресе, ветеринарлық дәрігер-практиктерді даярлау мәселесі толғандырады. Бүгінгі таңда ауылда мал дәрігерлерінің кадрлық тапшылығы қатты сезіледі. Бүгінде 4 ауылға 1 ветеринарлық дәрігерден келетіні белгілі. Ауыл тұрғындары-ақсақалдары өздері "Мал дәрігері Жасұлан зейнетке шықса, біздің сиырымызды кім емдейді?",-дейді. Сондай-ақ, аймақта эпизоотиялық жағдайды нашарлату үшін бірнеше жұқпалы ауру жеткілікті. Бұл – толғандыратын мәселе. Жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігінің бірден-бір себебі - оқуға бөлінген мемлекеттік гранттардың саны. Осы тұста бір студентке бөлінген грант сомасы 349 мың теңгені құрайды, бұл қаражат көлемі мың доллардан аз.
Осы жерде мардымсыз қаражатқа қалай сапалы кадрлар даярлауға болады деген сұрақ туындайды. Халықаралық стандартқа сәйкес бәсекеге қабілетті, мамандарды даярлау мүмкін болмақ? Оны былай қойғанда студенттерді практикалық оқыту мәселелері жайында қалай сөз қозғай аламыз? Осындай аз қаражатпен ветеринариялық кадрларды дайындайтын қазақстандық ЖОО-ларөлместің күнін кешуде. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ұсынған әлеуметтік бастамалардың бірі техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындарында гранттар құнын арттыруға бағыт беріліп, басымдық көрсетілді. Бұл жаңалық сала мамандары мен ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын білім ошақтарына үлкен үміт сыйлаған болатын. Бірақ, өкінішке орай қуанышымыз алысқа ұзамай отыр. Ауыл шаруашылық мамандықтарына берілетін гранттар сомасын көтергенімен «ВЕТЕРИНАРИЯ» мамандығы елеусіз қалып отыр. НЕГЕ? Сонда ветеренария ауыл шаруашылығы саласына жатпайтын болып отыр ма?
Әрине, біз жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы жоғарыдағы құзырлы органдарға өтініш білдірдік. 2019 жылы гранттардың құны ұлғаятынына, біздің ұсыныстарымыз қайта қаралып, ескерілетініне сендірді. Дегенмен жақында ҚР Білім және ғылым министрлігі ветеринарияның ауыл шаруашылығы мамандықтарына қатысы жоқ екеніне сілтеме жасай отырып, мұны жасаудан бас тартқанын естідік.
Ескертеміз!Ауыл шаруашылығы жануарларын, құс, жабайы фаунаны ветеринарлық дәрігер емдейді және алдын алу шараларын өткізеді. Сондықтан ВЕТЕРИНАРИЯ – ауыл шаруашылығының саласы, ол техникалық, не болмаса өзге де білім саласына жатпайды.
Біз, ветеринария мамандарын даярлайтын ЖОО-ның ғалымдары, ПОҚ атынан Сенат пен Мәжіліс депутаттарының назарына үндеу жолдаймыз. Бұл мәселені ауылдан шыққан халық қалаулылары жақсы біледі. Сол себепті елеусіз қалдырмай, талқылауға көмектесіп, сол арқылы Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындауды қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.
Бір топ отандық ветеренар ғалымдар.
Какая проблема больше всего волнует меня и всех моих коллег по профилю - это ПОДГОТОВКА ВЫСОКОКВАЛИФИЦИРОВАННЫХ КАДРОВ, в особенности, ветеринарных врачей-практиков. Сегодня кадровый дефицит ветврачей на селе сильно ощущается. Всем известно, что на 4 деревни 1 ветврач. Уже сельчане-старейшины сами говорят, "Вот уйдет на пенсию ветеринарный доктор Жасулан кто будет лечить нашу коровушку".
Естественно, мы ученые, профессорско-преподавательский состав Вузов обратились в вышестоящие органы. Они, конечно, нас заверили, что в 2019году стоимость грантов будет увеличен, будут пересмотрены и учтены наши предложения. Но на днях узнаем, что Министерство образования и науки РК отказал этого делать, ссылаясь на то, что ВЕТЕРИНАРИЯ не относится к сельскохозяйственным специальностям. Всем известно, что сельскохозяйственные животные, птица, дикая фауна, которых лечит и профилактирует ветеринарный врач, это направление СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА, а не образования или технических направлений.
Мы, от имени ученых, ППС Вузов, готовящих ветеринарных специалистов обратились и еще раз обращаемся к депутатам Сената и Мажилиса разобраться в этом деле и оказать нам содействие в данном вопросе. Очень надеемся, что избранники народа в основном выходцы из села и эту проблему знают не по "наслышке" и не оставят этот вопрос открытым и помогут разобратся, тем самым обеспечат качественное исполнение поручения главы государства.
Отечественные ученые