Bugin
Шымкентте неке түнінде әйелін өлтірді деген күдікті 9 жылға сотталды. "Адам денсаулығына аса ауыр зиян келтіру" бабы бойынша істі болған 39 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындаған жоқ.
32 жастағы марқұмның анасының үкімге көңілі толған жоқ. Оның айтуынша, мұндай ауыр қылмыс үшін жаза тым жеңіл.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 2022 жылдың 26 маусымында болған еді. Күдікті екі айдан кейін ұсталған.
Ер адамның бірінші некесінен 4 баласы, ал марқұмның артында 1 қызы қалды. Күйеуінің қолынан қаза тапты деген әйел мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Қылмыскердің туыстарының сөзіне сенсек олар қайғылы оқиға болатын күні мұсылманша некелерін қиған екен. Ал сот барысында олардың ішімдік ішкені анықталған.