Психология
Гүл этикеті – қоғамда қалыптасқан, халықтың әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен тығыз байланысты, гүл шоқтарын сыйлау, алу, орналастыру этикетінің белгілі бір ережелері.
Гүлдер өмір бойы бізге серік болады, олармен бірге қуанамыз, қайғырамыз. Ғасырлар бойы халықтардың сол немесе басқа гүлге, түске деген көзқарасы қалыптасып, олар туралы аңыздар мен ертегілер құрастырып, гүл шоқтарын жасау әдет-ғұрыптары мен оларды ұсыну және қабылдау ережелері бекітіледі. Тіпті өзінің "гүл тілі" деген атау да дүниеге келген. Қалай болғанда да, мұның бәрі заманауи гүл этикетінің негізін құрайды. Оның кейбір ережелері барлық елдер үшін әмбебап, кейбіреулері жердің белгілі бір аймағына ғана тән.
Гүл сыйлау әдебі гүл сыйлау дәстүрінен бұрыннан бар болса керек. Бірақ гүл шоғының сыртқы түрі, пішіні мен стилі, сондай-ақ осы жағымды кәсіптің ережелері сол дәуірдің мәдени құндылықтарына, елдің және оның халықтарының тарихи ерекшеліктеріне, діни, идеологиялық заңдарына сәйкес бірнеше рет өзгерді. Бірі білсе енді бірі біле бермейтін гүл түрлері қаншама?
Ендеше кей гүл түрлерінің қандай мағына беретінімен таныс болайық:
• Анемондар - "Мен сенімен қайтадан болғым келеді";
• Қызыл қалампыр - «Мен сені көргенде, менде ғашықтық пайда болады»;
• Хризантемалар - « Мен әрдайым күтуге дайынмын»;
• Нарцис - «Сіздің маған ақыл-ойыңыз ұнайды»;
• лалагүл - «Біздің қарым-қатынасымыз берік және адал»;
• Орхидея - «Сен қаншама адамдардың арасындағы ерекшесің».
• Раушан әрқашан махаббаттың символы болды, бірақ оның реңктері де өзіндік мағынаға ие болды:
• Қызғылт сары раушан - «Менің махаббатым таза және нәзік»;
• Алтын раушан - «Сенің махаббатың мені бай етеді».
Гүлдер көктемді хош иісті етеді, жазды безендіреді, күзді көріктендіреді, кейде тіпті қысты жеңеді. Олар табиғат пен үйді мәңгілік сүйкімді әрі әдемі етеді.
Бұлай деуімнің себебі, тіпті гүлдерді түрлі түстер арқылы ажыратып, қандай түс қандай мағына беретінін білсек болады. Мысалы:
Қызғылт – қызыл және ақ арасындағы аралық түс, ол бейтарап болып саналады, кез келген мерекелік жағдайға жарамды. Қызғылт гүлдер балғындық пен нәзіктік сезімін береді, жастық пен қарапайымдылықты білдіреді. Бұл түс ақ, бозғылт көк түстермен үйлеседі.
Сары - күнді, өмір қуанышын, жарықты, тектілікті, сән-салтанатты, шаңырақ көтеруді, кәрілікке құрметті білдіреді. Сары түс қиялды оятады, шығармашылықты белсендіреді. Солтүстік ендіктерде алтын сары түс өміршеңдікті сақтау үшін ерекше маңызды.
Қызғылт сары - түс көңіл-күйді көтереді және қарым-қатынасқа ықпал етеді, қуаныш пен көңілді әкеледі, жылу сезімін тудырады. Қызыл-қызғылт сары түс махаббатты, мақтанышты, күшті, құмарлықты білдіреді.
Көк - тыныштандырады, салқындық, шексіздік пен қашықтық сезімін береді, еркіндікті, бейбітшілікті, кеңістікті білдіреді.
Күлгін – ұлылықтың, абыройдың, тектіліктің, сән-салтанат пен достықтың, мерекенің түсі; қарапайымдылық, кішіпейілділік, тылсымдық символы болып табылады.
Жасыл - күйзеліс жағдайында тыныштандырады, тіпті емдейді, қауіпсіздік сезімін береді; құнарлылықты, балғындықты бейнелейді. Оның әртүрлі реңктері өзінше қабылданады: ашық жасыл – жылы, қуанышты, көңілді; қою жасыл – суық; сары-жасыл оптимизм, үміт, нәзіктік, жаңа нәрсенің туу сезімін тудырады.
Ақ - пәктікті , тазалықты білдіреді; сондай-ақ мәңгілік, қар десекте қателеспеспіз. Бейтарап түс бола отырып, ол кез келген басқа түспен біріктіріліп, оларды композицияда байланыстырады. Бір қызығы шығыста ұзақ уақыт бойы ақ түс аза тұтудың символы болып саналса, енді еуропалық дәстүрлердің әсерінен қара түс болып саналады.
Қара - қайғыны, өлімді білдіреді.
Жарқынай Баккумек