ДАМУ
Көптеген жылдар бойы қазақ жері арқылы көптеген сауда жолдары өтті, пайдалы қазбаға бай бұл аумақта агрессиялық жорықтар жүргізілді. Бүгінгі таңда Қазақстан мұражайлары мемлекеттің бай және өткен тарихының көрінісі.
Алматы – еліміздегі тарихи маңызы зор қалалардың бірі. Мұнда бас сұққан туристерге міндетті түрде мұражайлаға баруға кеңес беріледі. Мұражайларда екі жүз мыңнан астам материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері сақталған. Мұнда әртүрлі кезеңдегі Қазақстан тарихына үңіле қарауға болады. Қазіргі республика аумағында алғашқы мемлекеттердің құрылуы, көшпелі мәдениеттің дамуы, қалалардың құрылуы және халықтардың жаппай қоныс аударуы кезеңдерін көре аламыз. Сондай-ақ, мұражайға келушілерге жаңа тарихи қазыналармен танысуға мүмкіндік беретін "Ашық қор" ұйымдастырылған.
Мұражайдың байлығында жер бетінде тіршілік пайда болған және қазіргі заман тарихымен аяқталатын экспонаттар бар. Мұнда тарихқа дейінгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі бірегей археологиялық олжалар жинақталған. Адам өмірінің алғашқы іздерінің үлгілері, ежелгі өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, тайпалық одақтардың болғанын, халықтың көшпелі өмірін, аралық соғыстарды, қалалық өркениеттің пайда болуы мен оның дамуын дәлелдейтін деректер сақталған.
• Әбілхан Қастев атындағы өнер мұражайы - Қазақстанның басты өнер мұражайы болып табылады. Ол 1935 жылы "Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясын ұйымдастыру туралы қаулы" арқасында құрылды. 1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді
Бүгінде Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы (МӨМ) еліміздегі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет музейі болып табылады. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Музей өз тарапынан жинақтау, сақтау, көрме ұйымдастыру жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге музей қорын насихаттау және көркемсурет мәдениеті жайлы тұрғындарды кеңінен таныстыру мақсатында ағартушылық жұмыстарын жүргізуді өз алдына мақсат етіп қойған.
• Музыкалық аспаптар мұражайы - 1908 жылы сәулетші А.П.Зенковтың жобасымен тұрғызылған. Мұнда полктың кешкі ойын-сауықтары, офицер мырзалар карта ойнап, атақ алғандарын осы жерде атап өтетін. Қазір бұл жерде музыкалық ұлттық аспаптар мұражайы орналасқан. Әрбір халықтың үш тілі бар, яғни ауызекі сөйлеу тілі, би тілі, ән тілі. Келушілерге ұсынылып отырған бұл экспозицияларда көне қазақ музыка аспаптары, Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған, сонымен қатар ТМД елдері мен әлем халықтарының музыкалық аспаптарыда бар. Мұражайдың коллекциясында 2000 астам экспонаттар бар, соның ішінде аспаптардың 60 түрі қойылған. Мұражай экспозициясында ақындардың, жыраулардың және композиторлардың, яғни Абай, Жамбыл, Махамбет, Әміре Қашаубаева, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев және т.б. жеке домбыралары қойылған.
Мұражайлық қолөнерінің шеберханасында ұлттық аспапатардың қалай туындайтынын көруге болады, ал Киннект ойын бөлмесінде тіпті уақытша дирижер болуға мүмкіндік бар. Кәдесыйлық дүңгіршігінде түрлі ұлттық нақышта безендірілген сыйлық бұйымдар алуға болады.
• Орталық мұражай - ел байлығы мен оның тарихы көрініс тапқан орын. Барлық ғасырлар бойындағы даналығы, қазақ жерінің рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері мұражай кеңістігінде жаңғырды. Бүгінде орталық мұражай орналасқан ғимарат 1978-1985 жылдары сәулетшілер Ю.Г.Ратушный, З.М.Мұстафин, П.Рзагалиев жобасы бойынша салынды. Стильдік сипаттамалары нысанның мұражай ерекшелігіне байланысты, бейнелі шешім барысында ұлттық тарих, сәулет, дәстүр ерекшеліктері енгізілген. Қазіргі уақытта мұражайда жеті негізгі стационарлық экспозициялық залдар қызмет жасайды, әртүрлі сипаттағы топтамалар, яғни, палеонтологиялық өткен шақты ғана емес, ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихы және Қазақстанның мәдени мұрасын көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.
• Геологиялық мұражай - 1942 жылы геологиялық ғылымдар институтының жанында, Қазақстандағы геологиялық үлгілердің түрлілігі бойынша және ғылыми бағыттылығы бар талассыз көшбасшысы болып табылатын геологиялық Мұражай ашылды.
Геология – бұл Жер тарихы, оның бастапқы түрде сақталғаны, өз жолында жалғыз екенін айтады. Қазақстанның байлығының бірі болып оның пайдалы қазбалары саналады.
Егер театр киім ілгіштен басталса, онда сол сияқты бұл геологиялық мұражайға келген келушілер шахтаның лифтісіне мініп төмендегі экспозициялық залға түседі. Көрінісіндегі барлық ұсақ бөлшектер ойластырылған. Дыбыс, жарық, орналасуы, барлық көріністері бірегей атмосфераны таңқалдырады және жадылайды. Мұражайларға келушілер үшін барлығына ұнайтын геологиялық процестерді көрсететін интерактивті шоу бар.
Қазақстан ғылымы тарихы мұражайының құрылуы Қазақстан Республикасының ғылым тарихын талдау мен жалпылаудың объективті қажеттілігінен туындады.
Өткен күндердің жәдігерлері сақталған мұражайларды аралау арқылы оны білуге, оның көне заманына сүңгуге, тұрмыстық бұйымдарды, қазақ халқының ата-бабаларының зергерлік бұйымдарын көруге, мәдениетімен танысуға болады. Сондықтан кез келген елді жақынырақ білу үшін оның мұражайларын зерттеп көрудің маңызы зор.
Жарқынай Баккумек