ДАМУ

"Кедей отбасынан шықққан": Starbucks брендін қалыптастырған кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кәсіпкерлік – кез келген қызмет түрі сияқты білім мен дағдылардың жиынтығы. Бұл іс қиындығы мен қызығы қатар жүретіндіктен, көп шыдамдылықты, еңбекті қажет етеді. Тарихтағы ең табысты және танымал кәсіпкерлер көпке үлгі болады. Жарқын мысал ретінде өзінің мықты идеясы мен іскерлігімен танымалған болған Говард Шульцты айтуға болады. 
Говард Шульц - америкалық кәсіпкер, қазіргі уақытта Starbucks Coffee компаниясының президенті және бас директоры қызметін атқарады. Оның маркетинг директоры ретінде қосылуы әйгілі кофехананың философиясына түбегейлі өзгеріс әкелді. Говард компания тізгінін қолына алу үшін Starbucks-та итальяндық капучино шығарды. Нақтырақ айтқанда ол "кеңістік пен кофе тәжірибесімен тығыз байланыста өмір сүруге болатын ортаны" іздеді.
   Кәсіпкер Бруклинде кедей отбасында дүниеге келген және өз отбасында колледжді бакалавр дәрежесімен бітірген алғашқы адам болды. 1982 жылы 29 жастағы Говард Starbucks компаниясының бас директоры Джерри Болдуиннен өзін жұмысқа алуды өтінеді. Бастапқыда Говард  маркетинг жөніндегі директор қызметін атқарды. 
Балалық шақтағы ең өтпелі кезеңдерінің бірі – әкесінің аяғын сындырғаны. Медициналық сақтандырудың жоқтығы отбасына үлкен қаржылық қиындықтар туғызды. Содан кейін Шульц тәуелді болмайтын пайдалы компания құру туралы ойлай бастайды. Кәсіпкердің бірінші жасаған қадамы – бар есептегішін орнатып, клиенттердің аты-жөнін еске түсіретін, олардың талғамын ескеретін және дұрыс сусынды тез дайындайтын заттарды қолданып, жұмысқа кірісу болды. Шульцтың Starbucks брендін қалыптастырудағы алғашқы басты мақсаты - әр штатта кофехананың болуы болды. Сонымен қатар, Говард Шульц өзінің кофеханалар желісі тек кофе сатуды ғана емес, сонымен бірге сиқырлы атмосфера бере алғанын қалады. Үй мен жұмыс арасындағы орын деп жоспарлағаннан кейін жоба сәтті жүзеге асты. Компанияның 2010 жылғы табысы 10,7 млрд $ құрады, оның ішінде таза табысы 945 млн болды.
Кәсіпкердің бұл ісінің  соншалықты танымал болатынына ешкім сенбеді. Араға көп уақыт салмай бұл кофеханалар бүкіл Американың әр қиылысында пайда болды. Барлық қалада жұмыстың алғашқы күні кофеханада кезек тізіліп тұрды. Қазіргі таңда да Starbucks-қа бару - қарбаластан біраз уақыт алыстаумен бірдей. Бұл жай ғана кофе емес, тіпті дәмді кофе де емес, бұл "өмір салтының феномені" деп Говард өз бастамасына осылай атау берді.

Аяулым Нұрсұлтан