Әлем
Ядролық жарылыстар мен радиация тірі организмдерге деструктивті әсер етеді. Нәтижесінде ядролық бомбаның жарылу аймағындағы тікелей әсерінен ешбір тірі жан толықтай аман қала алмайды. Қарқынды жылу толқындары, жойғыш қысым және жоғары радиация жануарлар мен өсімдіктерге қайтымсыз зиян келтіреді, тіршілік формаларының өліміне алып келеді.
Бірнеше жыл бұрын тарақандар ядролық апокалипсистен аман қала алатын жалғыз тіршілік иелері деген ақпарат пайда болды. Бұл ақпараттың пайда болуына нақты себеп - жарылыс эпицентрінен 300 метр қашықтықтағы Хиросима қирандыларынан тірі тарақандар табылғандығында.
Айта кету керек, көптеген адамдар үшін тарақандардың барлығы бірдей көрінгенімен, жер бетінде бұл жәндіктердің 4000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Тарақандар адамдарға және басқа сүтқоректілерге қарағанда радиацияға жақсы төзетіні рас. Жұтылған радиация радпен өлшенеді. Сонымен, адам үшін өлім дозасы 400 рад, ал тарақандар үшін шамамен 6400 рад, яғни 16 есе көп.
Бұл тарақандар жарылыс ошақтарынан алыс жерде өмір сүре алатынын білдіреді. Бірақ 1000 рад және одан жоғары дозада тарақандар көбею қабілетін жоғалтатындықтан, олардың ядролық бомбадан кейінгі тірі қалғанының өзінде болашағы тым бұлыңғыр болмақ.
Дегенмен көп айтымаса да, зерттеулерге сәйкес, тарақандарға қарағанда радиацияны жақсы жеңе алатын жәндіктер бар. Мысалы, бұршақ қоңызы 40 000 рад сәулеленуге шыдайды. Бұл адам шегінен 100 есе көп.
Жеміс шыбындарының да аман қалу ықтималдығы жоғарырақ. Бұл жәндіктің ұзындығы небәрі 2-3 мм, бірақ 64 мың рад сәулелену астында өмір сүре алады.
Ал паразиттік аралар радиациялық жағдайда өмір сүру рекордына ие. Олардың 40 мыңнан астам түрі бар, олардың барлығы браконидтер тұқымдасына жатады. Бұл аралар 180 000 радқа дейін шыдайды.
Сондай-ақ, жағдайға байланысты кейбір ағзалар жарылыстан кейін қорғалған орында, терең суда немесе жер астында өмір сүру мүмкіндігіне ие болса аман қалуы мүмкін. Дегенмен ядролық жарылыстан туындаған радиацияның ұзақ мерзімді әсеріне ешбір тірі жан толықтай қарсы тұра алмайды. Қоршаған ортадағы радиация деңгейінің жоғарылауы тіпті жарылыстан кейін бірден өмір сүре алған организмдерді де мутацияға, ауруға және өлімге әкелуі мүмкін.
Кейбір микроорганизмдер, мысалы, бактериялар мен вирустар, жоғары сатыдағы организмдерге қарағанда радиацияға төзімдірек болуы мүмкін, бірақ олар да радиацияның жоғары деңгейінен ауыр зардаптарға ұшырауы мүмкін.
Жалпы, ядролық жарылыстар тіршіліктің барлық түрлеріне жойқын әсер етеді және тірі организмдердің ұзақ өмір сүруіне және бейімделуіне кері әсерін тигізбей қоймайды.