Bugin

Атырауда 12 жасар бала қайғылы жағдайда көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрманғазы ауданында 12 жасар бала абайсызда суға құлап кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

2023 жылғы 30 мамырда сағат 15:00-де Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы кентінен 38 км қашықтықтағы Сафон ауылдық округінің Сафон ауылында канал арқылы өту кезінде 2011 жылы туған баланың абайсызда суға құлап кеткені туралы хабар келіп түсті.

ТЖД күштері шақырту орнына жедел шықты. 2011 жылы туған бала «Сафон» жасанды каналы арқылы мал айдау кезінде (жылқы малы) абайсызда ат үстінен суға құлап кеткені анықталып отыр.

Іздестіру жұмыстары барысында сағат 15:30-да жергілікті тұрғындардың күшімен баланың денесі табылып, туысқандарына берілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД (8 жеке құрам және 2 техника), АПБ (1 қызметкер және 1 техника) және жергілікті тұрғындар (20 адам және 2 жүзу құралы) жұмылдырылды.