ДЕНСАУЛЫҚ

Есінеу жайлы сіз білмейтін қызықты 5 дерек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамдардың не үшін есінейтіні ғалымдар үшін де жұмбақ болып келе жатыр. Бұл тақырып төңірегінде көптеген аңыздар да кездеседі. Bugin.kz тілшісі осы әрекетті істеуге себеп бірнеше фактілерді қарастырып көрді.

Есінегенде ми салқындайды

Адам есінегенде, миға оттегі барады деген түсінік бар. Бірақ бұл – жай ғана аңыз.

Нью‑Йорк мемлекеттік университетінің дәрігерлерінің зерттеуінше, адам есінегенде, ми температурасына әсер ететінін байқаған. Адамдар ыстық кезде ауаны аузымен жұтуға дайын. Бұл миды салқындатуға көмектеседі.

Сондықтан адам денесі есінеу кезінде ауаның үлкен көлемін жұтып қана қоймайды, сонымен бірге бас сүйегінің айналасындағы бұлшықеттерді рефлексивті түрде созады. Бұдан сіздің басыңызда суық қан ағымы пайда болады.

Адамдар есінегенде неге жылайды?

Есінеген кезде көз ылғалданады. Бұл – бет бұлшықеттерінің қозғалысынан пайда болатын әрекет. Дене иекті созады, содан лакримальды бездерге қысым күшейеді және ылғал өздігінен шығады.

Сондықтан кенеттен жылағыңыз келсе, байқамай есінеуге тырысыңыз.

Есінеймін деп, өкпеңізді жыртып алмаңыз

Есінегенде ештеңе болмайтындай көрінеді. Алайда мұндай әрекеттің өзі денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.

Мәселен, Уханьда Оу есімді қытайлық жұмысқа барғалы жатады. Ол созылып, қатты есінегені соншалық, өкпесін тесік алған. Бұл медицинада пневмоторакс деп аталады. Бастапқыда ол ауырғанына назар аудармаған. Бірақ кейін қатты ауырып, дем ала алмай, ауруханадан бір-ақ шыққан.

Оуды емдеген Доктор Чен Баоцзюнь пневмоторакстың 18 бен 30 жас аралығындағы ұзын және арық адамдарға қауіп төндіретінін байқаған. Оудың салмағы шамамен 60 килограмм, бойы 180 сантиметр.

Ауаны өкпеге тартқанда, абай болыңыз!

Жағыңыздан айырылып қалмаңыз!

2007 жылы 34 жастағы ағылшын Бен Шир ұйықтай алмай жүреді. Ол ас үйге барып, суысынын ішейін деп жатып, қатты есінегені соншалық, иегін жұлып алады. Ол еденге құлап, сілекейіне тұншығып, демді ала да, жұта да алмаған. Оны дер кезінде көрген әйелі Сэм жедел жәрдем шақырып, құтқарып қалады.

Есінеген кезде ауызыңызды қатты ашпаңыз. Соның кесірінен осындай сұмдық оқиғаға тап болуыңыз мүмкін.

Допамин

Есінеу әдетте қауіпсіз болады. Сондай-ақ тіпті психикалық денсаулыққа пайдалы болуы да мүмкін. Бұл әрекет кезінде ми допаминнің, азот оксидінің, серотониннің және окситоциннің үлкен дозасын алады. Бұл заттар стрессті жеңуге және демалуға жақсы әсерін тигізеді.

Нью‑Йорк мемлекеттік университеті политехникалық институтының психологы Эндрю Галлаптың айтуынша, егер сіз қобалжысаңыз немесе уайымдасаңыз, есінеуіңіз керек. Сонда ағзаңыз тез тынышталады.