Саясат

Cаяси блог 2: Қазақстан үшін бірінші Ресей... АҚШ пен Қытай содан кейін

Н.Назарбаев В.Путинмен неге отставкаға кетпей тұрып сөйлесті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан саясатындағы үлкен өзгерістер тікелей Ресей арқылы шешіледі деген сыбыс ел ішінде желдей еседі. Тіпті оны есеп беріп отырады деп те төндіреді кей адамдар. Сыбыстан фактіге қарай ойыссақ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев не себепті қазақ еліне маңызды мәлімдемесін жасамай тұрып В.Путинмен сөйлесті? Ал РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та осы жайды әдейі алға тартатындай. Ресейлік БАҚ та соны іліп ала кетті. Екі жақты телефон арқылы тілдесу отставкаға дейін болды деп астын сызып хабарлады. Содан кейін ел ішінде кезген өсекті қайыра еске түсіріп, шөптің басы бекерге қимылдамағанын ішің сезеді.

Елбасының шешімі шыққаннан кейін Ақордаға жаңа президентті құттықтау жеделхаттары ағылды. Құттықтаушылар тізімі өте ұзақ. Әсіресе, Еуропа мен Азия елдерінің басшылары. Президенттікке кіріскен Қ.Тоқаев мырза кей президенттермен телефон арқылы байланысқа шықты. Телефон тұтқасына жекелей отырған уақытша президент пен Елбасы ресми Мәскеумен (В.Путинмен) қатар отырып сөйлесті. 

Арада апта өткеннен кейін уақытша президент Қ.Тоқаевқа елдегі АҚШ елшісі Уильям Мозер сенім грамотасын табыстады. Қасым-Жомарт Кемелұлы президент Д.Трамптың бұл жылы ілтипатына ризашылық білдірді.

Артынша Қ.Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Бұған дейін жеделхат жолдаған ҚХР басшысы Си Цзиньпин Тоқаев мырзаны жаңа қызметімен қайыра құттықтапты. Кездесу екі жақты достық пен серіктестіктің әрмен қарай дами беретінін тағы бір мәрте пысықтады.

Әлемдегі үш алпауыт елмен бір деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнату барлық саясаткердің қолынан келмейді. Кейбіреу оған құлшынбауы да мүмкін. Бірақ Қазақстан үшін бұл маңызды нәрсе. Енді айналасы он күннің ішіндегі әр тараптардың байланысына мән берсек, Қазақстан үшін алдымен Ресей, ал АҚШ пен Қытай кейінгі орында екенін байқаймыз. Сіз қалай ойлайсыз?