Bugin

Жантүршігерлік жол апатынан әкесі мен баласы қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

6 маусым күні сағат 11:00 шамасында Қостанай – Әулиекөл - Сурған автожолында жол апаты тіркелді.

 Toyota Alphard автокөлігінде жүргізуші мен оның кәмелетке толмаған үш баласы болған.

Жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласының тұрғынының басқаруындағы, қарсы келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысуға жол бергені анықталды. Әрі қарай, минивэн Атбасар қаласының тұрғынының басқаруындағы DAF фурамен бетпе-бет қақтығыс жасады.

Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі және оның 2013 жылы туған ұлы қайтыс болды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Видео: https://t.me/buginkz_kz/3586