Bugin

Қарағандыда үш күн бұрын жоғалып кеткен ер мен әйелдің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысында үш күн бұрын із-түзсіз жоғалған екі адам өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

18 маусымда сағат 21:50-де Абай ауданы Самарқа ауылының маңында 1986 жылы туған әйел адам мен 1987 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының ТЖД күштері жұмылдырылды.

"19 маусымда сағат 15:25-те із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі Нұра өзенінен табылды. Жоғалған екінші адамның денесі 20 маусымда сағат 16:05-те іздеу жұмыстары басталған жерден 3,5 шақырым жерде Нұра өзенінен табылды. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр" делінген хабарламада.

ТЖД өкілдері шомылу кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін атап өтті: 

жүзу білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;
балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
мас күйде суға түспеңіз;
бейтаныс жерлерде суға түспеңіз;
жағадан алыс жүзбеңіз;
түнде суға түспеңіз.

Бұған дейін Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатқаны хабарланған.