Bugin

Әлем бағасы 250 мың доллар тұратын Титанды талқылап жатқанда 500-ге жуық мигрант суға батып кетті (ФОТО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грекияның Каламата қаласында адам контрабандасымен айналысты деген күдікпен тоғыз мысырлық сотталуда. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар өткен аптада мигранттар мініп, суға батып кеткен шағын балықшы қайығын басқарған. Бұл апат Жерорта теңізіндегі соңғы жылдардағы ең ауыр апаттардың бірі деп аталды. Табиғи апаттан кем дегенде 78 адамның қаза тапқаны белгілі болды.  Ал, қайықтағы 500-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың арасында балалар да бар. Туыстары олар туралы аз да болса ақпарат табуға тырысуда. 

Мысырлықтардың соты Грекия билігіне қарсы халықаралық ұйымдардың сынының күшеюі аясында өтіп жатыр. Афинаның ресми нұсқасы бойынша, қайықтағы жолаушылар жағалау күзетіне көмекке мұқтаж емес екенін жеткізген. Бірақ үкіметтік емес ұйымдар олардан бірнеше рет көмек сұрағанын алға тартады. 

BBC

BBC

«Грек билігінің осынша уақыт бойы оқиғаға қатысты пікір білдірмей үнсіз жатқаны таң қалдырады», - деді Еуропа жағалауында апатқа ұшыраған мигранттарды құтқару операцияларын үйлестіретін Alarm Phone үкіметтік емес ұйымының мүшесі Морис Стиерл. 

«Грек билігі нені күтті? Неліктен борттағы адамдарға тым болмаса құтқару кеудешелерін бермеді?», - деп қосты Стирл. 

Ол оқиғаға қатысты тәуелсіз тергеу қажет екенін атап өтті. Сонымен бірге ол Грекия билігі оны мұқият және барлық ережелерге сәйкес жүргізетініне күмән келтірді. 

Ал, BBC Verify тергеуі жағалау күзетінің мәлімдемесіне де күмән келтіреді. Журналистер апат аймағындағы басқа кемелердің қозғалысын талдады. Талдау нәтижесі бойынша, мигранттар мінген балықшы қайығы аударылғанға дейін жеті сағат бойы бір орыннан қозғалмаған.

BBC

BBC

Грекия – Таяу Шығыс, Азия және Африка елдерінен босқындар мен мигранттарды Еуропалық Одаққа тасымалдайтын негізгі бағыттардың бірі. Грекия билігінің мәліметінше, апатқа ұшырағандар ішінде 78 адам қаза тапқан және 104 адам негізінен Сирия, Ауғанстан, Мысыр және Пәкістаннан келген. Қайық сәрсенбі күні таңертең Грекияның оңтүстігіндегі Пилос қаласынан 80 шақырымдай жерде суға батқан. Оқиға болардан бірнеше күн бұрын ол Ливиядағы Тобруктан Италияға қарай бет алған. 

Қайықта жүздеген пәкістандықтың болғаны белгілі болғаннан кейін Пәкістанның премьер-министрі Шехбаз Шариф адам ұрлаушылармен шұғыл түрде күресуді және оларды жоғары деңгейде тергеуді тапсырды. Содан бері билік Жерорта теңізіндегі қайғылы оқиғаға қатысты 14 адамды қамауға алды. Шариф оларды қатаң жазалауға уәде берді. 

Халықаралық көші-қон ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі басқармасының (БҰҰ БЖКБ) бірлескен мәлімдемесіне сүйенсек қайықта шамамен 400-750 адам болғаны айтылған. 

БҰҰ мәліметінше, бұл апат 2015 жылы сәуірде Ливия-Италия бағытында 1100-ге жуық адам қаза тапқан кеме апатынан кейінгі құрбандар саны бойынша екінші апат болуы мүмкін. 

BBC журналистері MarineTraffic теңіз талдау платформасының деректеріне қол жеткізді. Фронтекс, Еуропалық Одақтың шекара агенттігі мигранттар қайығын сейсенбі күні 13 маусымда сағат 08:00 шамасында алғаш рет байқап, Грекия билігіне хабарлағанын айтты. 

Мигранттардың апатқа ұшырағаны туралы қоңырау  сағат 12: 17-де келіп түскен. Апатқа ұшырағандарды іздеуге Жағалау күзеті кемелері, Әскери-теңіз флотының фрегаты, әскери-көлік ұшағы, Әуе күштерінің тікұшағы және әртүрлі жеке кемелер қатысқан. Бастапқыда құтқару жұмыстарына жел кедергі келтірген. 

BBC

BBC

Грек ақпарат құралдары, кеме Жерорта теңізінің ең терең аймағына жақын жерде суға батып кеткен деп хабарлады. 

«Қозғалтқыш істен шықты және ол бірнеше минут ішінде батып кетті», - деп хабарлады БАҚ. 

Сәрсенбі күні кешке ішінде адам тола кеменің аударылғанға дейінгі алғашқы аэрофотосуреттері пайда болды. Траулердің бортында жүздеген адам болған көрінеді. Грек жағалау күзетінің өкілі Никос Алексиу журналистерге: 

«Қайық толы болды. Нақты санды нақты айту мүмкін емес, бірақ оның өте үлкен екені анық», - деді. 

Жағалау күзетінің мәлімдемесіне сүйенсек кемедегілер ұсынылған көмекті өздері қабылдамаған. 

Өткен аптада ЕО-ның ішкі істер министрлері көші-қон заңдарындағы ауқымды реформалар және Жерорта теңізіндегі өлім-жітімнің алдын алу үшін арнайы қаражат бөлу туралы Туниспен көші-қонды азайту туралы жаңа келісімге келісті. 

P.S: Missing Migrants Project жобасының деректеріне сәйкес 2022 жылы 2400-ден астам мигрант Еуропаға қарай Жерорта теңізін кесіп өтпек болған, нәтижесінде олар із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Жоба зерттеуіне сәйкес мигранттар көбіне Ливияның батыс жағалауынан Италияға немесе Еуропа континентіндегі Мальтаға Орталық Жерорта теңізі арқылы өтетін жолды таңдаған. Бұл жол 2022 жылы қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен мигранттардың 60%-дан астамын құрайды. 

Жоғалған мигранттар жобасының деректері бойынша 2014 жылдан бері Жерорта теңізінде барлығы 27 000-ға жуық мигрант қайтыс болған немесе жоғалып кеткен. 

2023 жылға жетпей 1166 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Жерорта теңізін сәтті кесіп өту мигранттардың қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. 2022 жылы Италияға келген кезде кем дегенде 264 адам қамауға алынды. Бұл коммерциялық емес ұйымның шекаралас Еуропаның жергілікті ақпарат құралдарының деректеріне негізделген бағалау бойынша.

БҰҰ деректері биыл Жерорта теңізімен шектесетін Италия, Испания, Греция, Мальта және Кипрге 72 мыңға жуық босқын мен мигрант келгенін көрсетеді.