Саясат
Қытайдан қарыз алған елдер тарихы
2017 жылы қға Хамбантота портын 99 жылға жалға беруге мәжбүр болды. 99 жылға. Бір ғасырға. Анығы мәңгілікке. Өйткені Қытай бір кірген жерінен қайтып шықпайды.
Шри-Ланканың мұндай қадамға баруына басты себеп, Қытай мемлекеті алдындағы 1,5 млрд доллар қарызы еді. Межелеген уақытта Шри-Ланка қарызын қайтара алмады, ал ресми Бейжің мәселені басқаша қарауға ұсыныс тастады. Шындығында итермеледі. Солайша елдің ең үлкен порты 99 жылға жалға беріліп кете барды. Енді шриланкалықтардың портында шүршіттер қаптап жүр. Күніне түрлі танкерлер мен кемелері тоқтап, экономикалық, демографиялық экспансия азаяр емес. Портты жалға бергені үшін Қытай қалған 1,3 млрд доллар қарызын кешірді. Бар болғаны 1,5 млрд долларға порт алды, дегеніне жетті? Міне, бұл Қытайдың қарыз саясаты.
Boston Consulting Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ханс-Пол Бюркнердің ойынша Қытай дамушы елдерге әдейі кең көлемде инвестиция жасап, оны қарызды қайтара алмайтын жағдайға жеткізеді. Сосын «қарызды кешіреміз егер жер берсең, порт берсеі, мұнай айлағын берсең, алтын кенішін берсең» деген сынды өз шарттарына көндіреді. Олар тіпті аталмыш жолмен Аустралиядан Дарвин портын 99 жылға алды. Ал Бейжің алдындағы орасан зор қарызын төлей алмаған Джибути елінде алғаш Қытай әскери базасы ашылды.
Айта берсе мысал да, мысқыл да жетеді. Кейбірінің қарызы тіпті млрд долларға жетпейді, бірақ ол үшін Қытай алдындағы өтемі орасан болып тұр. Ал біздің қарызымыз ресми түрде 12,5 млрд доллар екен. Қайтара аламыз ба? Қандай жолмен? Қайтара алмасақ Қытай күндердің күнінде Қазақтың есігін қағып, өз шарттары бойынша ойнайтынын айтары анық!