Bugin
Елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Бұл күні домбыра мен қазақтың халық музыкасының мәдениетіне арналған түрлі іс-шаралар, концерттер, байқаулар мен көрмелер өтеді. Аталмыш мереке Қазақстанның дәстүрлі музыкасымен танысу ғана емес, сонымен қатар еліміздің мәдениеті мен ұлттық болмысындағы домбыраның маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік береді.
Домбыра күнінің тарихы
Бұл мерекені атап өту жақында ғана енгізілгенімен, бастауы сонау тереңде жатыр. Домбыра – қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрінің ажырамас бөлігі.
Домбыраның маңыздылығы мен оның Қазақстанның мәдени мұрасындағы рөлін ресми мойындау 2018 жылдың 13 маусымында "Домбыра күні" мерекесін белгілеу туралы шешім қабылданған кезде келді. Бұл еліміздің болмысындағы домбыраның ерекшелігі мен маңызын мойындау еді.
«Домбыра күнін» атап өтудің басты мақсаты – қазақтың музыкалық мәдениетін сақтау және насихаттап қана қоймай, ұлттық аспап – домбыраның қадір-қасиетіне үңілу. Бұл күн әр жастағы және әртүрлі ұлт өкілдерінің домбырадан шыққан ерекше дыбыстар мен ырғақтарға тамсанып, Қазақтың халық музыкасымен танысу мүмкіндігіне айналды.
Қалай тойланады?
Мереке күні түрлі іс-шаралар өткізілу дәстүрге айналған. Концерттер ұйымдастырылып, домбыра және басқа да аспаптарда ойнайтын шеберлер сахнада дәстүрлі күйлер мен әндерді орындайды. Бұл жиындарда тыңдаушыларды қазақ мәдениеті мен тарихы әлеміне жетелейтін жүрекжарды музыкалық шығармаларды тыңдауға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ домбырашылар сайысы да өткізіліп, онда күйшілер өз өнерлерін ортаға салып, домбыра тартудың ерекше тәсілдерін көрсетеді. Бұл музыка өнерінің дамуына ықпал етіп, дарынды жас орындаушыларды ынталандырудың бір жолы.
Домбыра күнінің Қазақстан үшін терең мәні бар, өйткені ол домбыра тартудың салт-дәстүрі мен шеберлігін кейінгі ұрпаққа жалғастыруға, сақтауға, ұлттық рух пен олардың мәдениетіне деген мақтаныш сезімін нығайта түсуге ықпал етеді.
Қызықты дерекктер
Қазақ үшін күй жай шығармадан да маңызды, сондықтан да күйшілік өнер жоғары бағаланады. Белгілі музыкант-этнограф Александр Затаевич ондаған күйшінің шығармаларын еңбекпен нотаға түсіріп, 1931 жылы «Қазақтың 500 күйі мен әні» жинағын шығарды.
Марко Поло (XIII-XIV ғғ.) өз шығармаларында домбырада ойнауды көрсеткен. Музыкалық аспаптың көмегімен сол кезде орыста татар атанған түркі жауынгерлері шайқас алдында рухын көтеретін болса керек.
Бүгінде Қазақстандағы «Домбыра күні» мерекесі тек музыка күні ғана емес, халық бірлігі мен мәдени мұрасының символына айналды. Бұл адамдарға домбыраның әсем үнінен ләззат алып қана қоймай, қазақтың бай музыкалық дәстүрін тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Ұлттық домбыра күніне орай Bugin.kz порталы отандастарымыздың күйлерді қаншалықты жақсы білетінін тексеріп, сауалнама жүргізген еді. Сауалнаманы мына сілтемеге басып көре аласыз.