Bugin
Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы диқандардың жан айқайы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Шаруалар өнімді өткізе алмай, малға беруге мәжбүр. Қауын еккен диқандар жаз бойғы еңбегінің далаға кетіп жатқанын айтады.
Желідегі жазба авторы Нұркен Мұсаевтың сөзіне сүйенсек, Жетісай ауданында қауын еккен шаруалар шығынға батып жатыр. Сондықтан көпшілігі қауындарды арзан бағамен сатылымға қойған. Ал, өтпегенін малға беруде.
«Таңертең сатылымға алып шыққан қауын екі жарым сағаттың ішінде былжырап, іші ағып кетеді. Сыртын бүтін болғанмен іші су болады. Оны малда жемейді. Қазіргі кезде малы бар үйлерге беріп жатыр. Жақын күндері оларда алмайды. Сол кезде амал жоқ қоқысқа тастайтын болады» - дейді Нұркен Мұсаев.
Жалпы Жетісай ауданының әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, биылғы жылы қауын дақылы өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға жуық артық егілген. Бүгінгі күнге алынған өнімдердің көпшілігі Ресей мен Белоруссия мемлекетіне және Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен еліміздің басқа да облыстарына сатылымға жіберілген.