Bugin
Павлодарда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 25 жастағы жергілікті тұрғын Әсем Тайлақова байланысқа шықты.
"Біз қуана-қуана жақсы жаңалықты жеткіземіз. Әсем байланысқа шығып, үйіне оралатынын хабарлады. Қыздың жағдайы жақсы.
...Құқық қорғау органдарына ерекше рақмет", - деп жазды еріктілер.
Айта кетейік, Әсем 5 шілдеде ағасына "кешіріңдер, суға батып кетемін" деген қорқынышты хабарлама жібергеннен кейін үйінен кетіп қалған. Осы сәттен бастап ешкім оны көрмеген.
Оның жоғалғаны туралы жұбайы хабарлаған. Қазір жастар ажырасу сатысында екені белгілі. Ерлі-зайыптының екі баласы бар.
Әсем Тайлақованы еріктілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және жоғалған адамның туыстары іздеген.