Саясат
Алматы қаласында тарақандар азайып кетті
Алматы тұрғындарының басты мәселелерінің бірі тарақан жәндіктері еді. Шақырылмаған қонақтардан азық-түлікті қайда жасырарын білмей бас қатырып жүретін қала халқының кешегі күні келмеске кеткен. Өйткені қалада тарақандар азайып кетті. Кейбір аудандар мен жекелеген үйлерде ғана қалған. Оны зиянкестерден тазалайтын қызмет түрлері де растап отыр. Бұл мәселеден толықтай құтылған халықтың барлығы бүгінде мәз, алайда көкейінде «неге жоғалып кетті?» деген сұрақты қоюшылар аз. Тарақандардың жойылуы қуанарлық емес, ойланарлық мәселе екен. Сонымен ғылым бұл жайлы не дейді. Тарақандар мына жағдайда өз мекенін тастап кетеді екен:
1.Байланыс құралдарының саны тым көбейгенде (радиацияның бөліну көптігінен);
2. Қаланың радиациялық және химиялық ластануының шектен тыс жағдайында;
3. Қала маңындағы әуе кеңістігінде озон қабаты тесілген жағдайда (тарақандардың биоритмін бұзады);
4. ГМО өнімдері аса көп жағдайда болғанда (тарақандар табиғи тамақ жейді);
5. Пластикалық және плассмассалық қалдықтар көп болса(тарақандарға одан бөлінетін газ өте қауіпті).
Ғалымдардың айтуы бойынша көптеген құстар тарақандарды қорек ету арқылы құс тұмауынан аман қалады екен, яғни тараканның бойында бұл індетке қарсы имунитет бар деген сөз. Ал тарақан жоқ аймақтар бұл індетке бірінші ұшырайтын көрінеді. Сондықтан қаламызда бұл жәндіктердің жоғалып кетуі ойланарлық мәселе. 40 күн бассыз өмір сүре алатын, атом бомбасының радиациясына бір апта шыдайтын (ғылыми дәлелденген деректер) жәндіктердің қаламыздан жұмбақ жағдайда орын ауыстыруы үлкен сұрақ. Бұл Алматының қаншалықты ластанып кеткендігін, қала өнімдерінің ГМО-ға толы екендігін нақты дәлелдесе керек. Әлемдегі ең шыдамды бес тіршіліктің қатарына кіретін бұл жәндіктер тастап кеткен қалада соншалықты қауіпті не бар екен?