Спорт
Атақты мексикалық боксшы келесі жекпе-жегі жайлы ой бөлісті
Өткен жылы мексикалық жас жұлдыз 21 жастағы Хайме Мунгия WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің экс иегері Геннадий Головкинмен шығуға мүмкіндік ала алмап еді. Дегенмен содан кейін ол 12 мамырда Мигел Коттоны тізе бүктірген Садамом Алиді (26-2, 21 КО) сенсациялық нокаутпен ұтқан болатын.
Ал шілдеде Альварестың ескі қарсыласы Лиама Смитатен (26-2-1, 14 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, артынша жерлесіміз Қанат Исламға жол берген Брэндона Кукты (20-2, 13 КО) раунд соңына жеткізбеді. Биыл қаңтар айында жапон былғары қолғап шебері Такеши Иноуэні де (13-1-1, 7 КО) ұтты.
Қазіргі сәтте ол 13 сәуір күні Деннис Хоганмен (28-1-1, 7 КО) өзара мықтыны анықтайтын болады. Ол алдағы жекпе-жектен соң, Головкинмен шаршы алаңға шығуға қарсы еместігін аңғартты. Тіпті былтыр шықса да дайын екендігін, бір жыл ішінде одан сайын күшінің еселенгенін айтты.
Айта кететін жайт, қос боксшы да DAZN компаниясымен келісім-шартқа отырған.