Саясат

Жапондар да жылайды

Күншығыстағы халықты нендей мәселе толғандырады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Токиода дүниеге келіп, бірнеше жыл Қазақстанда тұрған зерттеуші Нацуко Ока өзінің "Другая Япония жизнь без чайной церемонии" атты кітабында Жапонияның әлеуметтік саясаты күрделі кезеңдерді бастан кешіп отырғанын жазады. Зерттеушінің зерттеуіне түрткі болған не нәрсе? Күншығыстағы халықты нендей мәселе толғандырады?

Жапондар неге азайып барады?

Бүгінде жапон отбасы­ла­ры­ның басым көпшілігі тек бір баламен ғана шектелуде. Бұ­рындары қатал саясатқа көндіккен қытайлар секілді "бір бала" саясатын ұстан­бай­тын жапондықтар соңғы кез­де­рі көпбалалы болуды қала­май­тын көрінеді. Ресми статистикалық ақпарға сүйенсек, әр бес жыл сайын жүргізі­летін санақ нәтижесінде күншығыс елінің тұрғындарының саны жылма-жыл кеміп барады. Қа­зірдің өзінде Жапония­да­ғы халық саны 127 миллион. Бі­рақ сарапшылар жапон­дық­тардың жылма-жыл қата­ры кеміп, туу көрсеткіші кө­ңіл көншітпейтінін айтуда. Зер­ттеушілер мұндай жағдай жалғаса беретін болса, 2048 жылы Жапонияның халық са­ны 100 миллионға кемиді. Ал, 2060 жылы бар болғаны 87 миллион ғана жапондар өмір сүрмек деген қорытындыға ке­ліп отыр. Ойлап қарасаңыз, қорқынышты. Сарапшылар бала туу көрсеткіші төменде­уі­­нің себебін елдегі эконо­ми­калық тұрақсыздыққа балап отыр. Бұрындары Жапонияда экономиканың жоғарғы өсімі тұрақты жұмыс орнын сақтап қа­луға мүмкіндік берген. Ал, қа­зірде жапондық отбасы­лар­­дың дені жан басын асы­рауға же­тетін айлықтың мар­дым­­сыз­дығынан көпбалалы отба­сы болуды аса қаламай­ды. Ал, от­басы бақытын бі­рін­ші орын­ға қоятын әйел­дердің 70 пайызы сәби болған кезеңнен бастап жұмыс­тан шығуға арыз береді. Ең­бек нарығындағы ах­уал елдің табыс ресурсын тө­мендетеді. Осыны ескерген би­лік балалы әйелдердің жұ­мыс орнын сақтап қалу үшін жоғары курс студенттерін қыз­метке тар­тып, сағаттық жұмыс көзін реттеудің жолын ұсынуда. Алайда мұның қа­шан­ға дейін созылатыны бел­гісіз.

Елдің премьер-министрі Синдзо Абэ кәсіпкерлерге ба­ла күтіміне байланысты бері­летін еңбек демалысын қайта со­зуға ұсыныс тастайды. Әйт­се де бұл мәлімдеме бизнес құ­ры­лымдарының басшыларына ұнай қоймады. Заң жүзінде Жапонияда жүкті әйелдерге 6 апта, бала туған кезеңнен ке­йін 8 апта еңбек демалысы бе­ріледі. Егер өз еркімен жұмыс жа­сауға келісім берген жағдай­да әйелдерге еңбек етуге бола­ды. Бұл елде бала бір жасқа тол­ғанға дейін еңбек дема­лы­сы беріледі. Ойлап қарасақ, мем­лекет тарапынан берілетін жәр­демақы да отбасын қаржы­лық қолдауға жетіп артылады. Бір реттік жәрдемақы яғни 420 мың иен (4078 доллар) төле­не­ді. Жүктілік кезінде бері­ле­тін жәрдемақының құ­ны бір немесе екі айлық жа­ла­қының көлемін құрайды. Алай­да бұл жәрдемақы өзін-өзі қамтыған және штаттан тыс қызмет­кер­лерге тағайын­дал­майды. Со­ны­мен қоса жұмыссыз отырған аналарға да 2-3 айлық жалақы көлемінде жәрдемақы беріле­ді. Қарап отырсаңыз, жан бағу­ға жетер­ліктей жәрдемақы тө­ле­неді. Балалы болуды қала­мау­дың астарында ақша саяса­ты тұр дей алмаймыз.

Жапондар санының кемуі­не тағы бір фактор әсер ете­ді. Ол ер мен әйелдер арасындағы бедеуліктің болуы. Әсіресе, бе­деулікке ер азаматтар жиі ұшы­райды. Әлеуметтік мә­се­ле­лерді зерттейтін ұлттық ор­та­лықтың қорытындысы тіпті со­­рақы. Некелескен әрбір ал­тыншы жұптың балалы болуға мүмкіндігі болмайды. Мұның сырын мамандар кеш үйлену­дің себебімен түсіндіреді. Жа­пондар қызмет соңынан жүре бергенді ұнатады. Жайлы қызметтен айырылып қалмау үшін тіпті отбасылы болуды кейінге ығыстырады. Мұның сал­дары бедеулікке бой алды­рады. Бір бала­ға зар болып жүр­ген қалта­лы отбасылар меди­ци­наның жоғары техно­ло­гиясына жүгі­ніп, жасанды ұрық­тандыру жо­лына көнді­ге­ді. Алайда бұл про­ц­естің құны да қалтаға ауыр тиеді.

Жапондар жалғыз қалудан қорқады

Жапонияда жыл санап жал­­ғызбасты адамдардың өлі­мі көбейіп барады. Жақын-туыстары жоқ, жанұялық сері­гінен ажыраған адамдардың бұлайша ішқұса болып, жал­ғыз өмір сүріп, ақырында ажал мекеніне аттануын жапондар "кодокуси" деп атайды. Кодо­ку­си белгілі бір ауру салда­ры­нан үйінде жалғыздан-жалғыз ба­қилық болатын, немесе қо­ғам назарынан тыс өзіне-өзі қол салатын жағдайда орын ала­ды. Тіпті ең сорақысы, Жа­понияда өзімен өзі қалып, өмірден баз кешкен адамның қайтыс болғанын көршілері мә­йіттің иісі шыққанда бір-ақ бі­­летін көрінеді. Мұндай жағ­дайдың орын алуы қалтасын ойлайтын кәсіпкерлер үшін жа­ңа қызмет түрін ойлап табу­ға мүмкіндік беріпті. Айталық, адам қайтыс болғаны кей жағ­дайда бір аптадан, тіпті бір ай­дан кейін анықталғанда мә­йіт­тің үйін тазалау үшін ар­на­йы қызмет түрін ұсынатын түр­лі орталықтар ашылыпты. Біреудің өлімі біреуге нан та­уып беруде. Әлбетте, бұл жақ­сы нәрсе емес. Десе де күн­шы­ғыс елін алаңдататын әлеумет­тік ахуалдың бірі осы. Бұл ай­тып отырғандарымыз қанша­лық­ты шындыққа жанасады де­ген күдік ой-түкпіріңізде жат­­қа­нын білеміз. Ендеше де­рек­пен сөйлейік. Жапония­ның әлеу­меттік және денсау­лық сақтау бюросының ресми мәлімдесіне көз салсақ, ел аста­насы Токиода бір жылда 4446 адам жалғыздықтан көз жұм­ғ­ан. 1052 адамның бір күн ішін­­­де өлімі анықталса, 1279 жа­­пондықтың өлімі 3-4 күн ішін­де белгілі болған. Ал, 2135 адам­ның бір апта ішінде қай­тыс ­болғандығы расталған. Тіпті зерттеушілер бір жыл өт­кеннен кейін осы жылы 8 адам­­­ның мәйітін тапқан. Өлім­­­­ге не итермелейді? Ма­мандар нақты мынадай мәселе деп айта алмай отыр. Белгі­лісі, отбасылы болуды арман­да­майтын, жаны жалғыз­дық­ты қалап отыратындар тұйық адамдарда жиі ұшырасады. 2010 жылғы халық санағына сәйкес Жапонияда 50 жастан асқан 20,1 пайыз ерлер, 10,6 пайыз әйелдер отбасын құр­ма­ған. Алдағы он жылдық кө­ле­мінде ерлердің 30 пайыз, әйелдердің 20 пайызы жалғыз өмір сүрудің соңында кетеді де­ген ақпарат бұқаралық ақпа­рат құрал­дарында ашық жазы­лып жүр екен.

Бұрын отбасында 4 адам бар толық отбасы саналса, қазір бір бала немесе жалғыз адам өмір кешеді. "Кодокуси" өліміне ажырасудың да әсері бар. Егде тартқан қариялар­дың қараусыз қалуы, баласы бола тұра жалғыз өмір сүруі өзін өлімге итермелейді. Кодо­ку­си яғни жалғыз қалудың әле­­­гімен көбінесе ерлер алы­сады. Себебі қызмет бабында жү­ріп тек әріптестерімен қа­рым-қатынас құратын ер аза­мат­тар зейнетке шыққанда жанына серік таппай, қоғамға сый­­май, өз өзімен қалып, ақы­рында ажал құшады екен.

Мемлекетке масыл болуды қалайтындар көп

Билік басында отырған ақ­жа­ғалыларды тағы бір мәселе алаңдатады. Жапонияда мем­ле­кетке масыл болып, жұмыс­сыз отырған адамдар қатары ар­тып барады. Жапон журна­листері мемлекет тарапынан бөлінетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне берілетін ақшаға күнелтіп, жәрдемақыға жан ба­ғып отырғандарды жиі сын садағына іліп келеді. Күнкө­ріске қаралған ақшаны құмар ойынға жұмсайтын кейбір жа­пон­дықтардың әрекеті шен­ді­лер­дің шамына тиіп тұр.

Сэйкацу хого – күнкөріс дең­­гейі төмен адамдарға бері­ле­тін әлеуметтік жәрдемақы. 1950 жылы қабылданған заңға сәйкес, күнкөріс көлемі тө­мен деп танылған барлық аза­мат­қа мемлекет тарапынан ақша беріледі. Бұл көмек заң ая­сында өмірден өз орнын таба ал­маған, жұмыс жасауға жа­рам­­сыз адамдарға берілуі ке­рек. Алайда әлеуметтік жәр­­­де­­мақыға  ішіп-жемі жетерлік, қалталы азаматтар­дың да қо­лы жетіп отырғаны көп­тің кө­ңілін түсірді. Елдегі қа­лып­тасқан жағдайды еске алатын болсақ, Жапонияда ең әуелі жұ­мыссыз қалған адамға жа­қын-жуықтары, туысқан­дары кө­мек қолын созуы ке­рек. Мұнан кейін барып мем­лекет жәрдем береді.

Тағы бір даулы мәселе – күн­­көріс көлеміне берілетін ақшаның көптігі. Бұл ең тө­менгі зейнетақы мен жала­қы­дан екі есе жоғары. Жәрдем­ақы баспана жалдауға, азық-түлік алуға, киім-кешекпен қамтылуға жетіп артылады. Мәселен, өмір сүру деңгейі жоғары Токио тұрғындарына берілетін жәрдемақы көлеміне тоқталайық. Отбасында үш адамы бар жанұяға күн кө­ру үшін 158380 (1538 дол­лар), үй жалдауға 69800 иен (678 доллар) ақша төленеді. Ал, көмекке мұқтаж жалғыз­бас­ты адамға күн көруге 74630 иен (725 доллар), баспана жалдау­ға 53700 иен (521 доллар) кө­лемінде қаржы береді.

Әрине, мұндайда жұмыс жасамай-ақ осынша қаржыға кенелуге болады деген түсінік қылан береді. Көптеген жа­пон­дықтар да осылай ойлай­ды. Алайда елдің әрбір айма­ғында жағдай әртүрлі.

Түйін. Біз тақырыпқа өзек ет­кен мәселе әр елдерде әр­түрлі жолмен шешілуде. Құн­ды­лық­тар өзгеріп, заман жа­ңарса да, адами фак­тор мә­се­лесі алдын­ғы ке­зекте тұруы тиіс. Қалай десек те, демог­ра­фия­лық дүм­пу  бір елдерге  ке­рек болса, бір ел­дерге кері­сін­ше. Демек, ор­тақ мәселе жұ­мыр жерді мекен еткен жұмыр бас­ты пендені ойландыруы керек.

А.ҚАРАКЕСЕК