БІЛІМ

Студент, түнімен сабақ оқып, ұйқыңды бұзып алма!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мектеп оқушылары мен студенттер арасында жиі кездесетін мәселе – ұйқының дұрыс болмауы. Оған себеп үйге берілген тапсырманың көптігінде болуы мүмкін. Алайда тапсырманы орындап, жақсы баға алғанымен, денсаулығына зардап келтіретін жастар баршылық. Bugin.kz тілшісі студенттерге ұйқының маңызы жөнінде  ақпарат ұсынады.

Дұрыс ұйқы – бір күннің өнімді өтуіне басты себепшінің бірі. Бірақ әр адамның организмі әртүрлі болғандықтан, өзіңе ыңғайлы уақытты таңдап алғаның абзал.

Мәселен, кейде 8 сағаттың өзі жеткіліксіз болуы мүмкін. Ал кейбір адамдарға 6 сағаттық ұйқы да жетеді. Сондықтан бұл адамның ағзасына байланысты. Тарихқа көз жүгіртсек, Наполеон 5 сағаттық ұйқыны жөн санаған, Эйнштейн болса, 12 сағат ұйықтайтын болған.  Суретші Леонардо Да Винчи 4 сағат сайын 15 минуттан ұйықтаған екен.

Бұған қарап, әр тұлға өзінің өмір сүру салтына сай режим құрғанын байқаймыз. Әрі соның нәтижесінде белгілі бір жетістікке жетті деуге болады.

Ұйқысы келмеген адам арнайы құрамында мелатонин бар дәрі қабылдайды. Зерттеулер бойынша, ол ұйқыға кететін уақытты қысқартуы мүмкін. Бірақ бұл нәрсе адам ағзасына пайдалы дегенді білдірмейді. Маман мұны 55 жастан асқан адамдарға мелатонин гормонының орнын толықтыру үшін қабылдауды ұсынады.