Bugin

Сарыағашта 5 жасар қызды бірнеше адам зорлағаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Сарыағаштағы 5 жасар қызды 4 адам зорлағаны жайында ақпарат тарап жатыр. 

"Түркістан облысының полиция департаменті Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөзге ғана сүйенуге кеңес береді. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тергеу нәтижесімен аталған қылмыстық әрекетті тек бір күдіктінің жасағаны дәлелденіп, ол қамауға алынған. Өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген деректер мен дәлелдер жоқ", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратушыларға ҚР ҚК 274-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.