БІЛІМ
Адамзат әлі күнге дейін ұзақ өмір сүрудің сырын іздеумен келеді. Бір қызығы, біздің ғаламшарымызда мәңгілік өмір сүретін де тіршілік иелері бар. Бұл ерекше жаратылыстардың мұндай артықшылыққа ие болғаны ғалымдардың ерекше назарын аудартатыны сөзсіз.
Turritopsis doohmii
Біздің тізімді Turritopsis doohmii немесе өлмейтін медуза деп аталатын медузаның түрі бастайды. Зерттеулерге сәйкес, ол қартаю процесін кері қайтару арқылы өлімді алдаудың жолын таптқан. Егер медуза жарақат алса немесе ауырып қалса, ол үш күн ішінде полип кезеңіне оралып, жасушалары қайта жасарады. Бірақ оның жойылуының басты себебі - басқа су әлемінің тұрғындары оны жеп қоя алады.
Tardigrada
Бұл тіршілік иелері қолайсыз жағдайда криптобиоз күйіне еніп, мыңдаған жыл немесе мәңгі өмір сүре алады. Нәтижесінде олардың метаболизмі тоқтайды. Бірақ қолайлы жағдай басталса, тардиградалар қайтадан өмірге келеді. Омыртқасыз микроағзалардың ерекшелігі - өте төзімді. Олар 20°C нөлден төмен температурада 30 жылға дейін шыдайтыны дәлелденген.
Сейшель аралдарының алып тасбақасы
Бұл құрлықтағы бауырымен жорғалаушылар - жер бетіндегі ең ұзақ өмір сүретін жануарлардың бірі. Олар тұтқында 150 жылға дейін өмір сүре алады.
Бірақ мұндай алпауыттардың арасында біздің рейтингімізде 2-ші орынды алатын рекордшы бар. Ол - Калькутта хайуанаттар бағының 250 жасында қайтыс болған Адвайта атты тасбақасы. Хайуанаттар бағына тасбақаны алғаш әкелген қызметкерлердің ешқайсысы да ол өлген кезде болмаған.
Адвайта тасы жарылып өлген.
Бір қызығы, тасбақалар ұзақ өмір сүретін ғана емес, сонымен қатар ең ежелгі жануарлардың қатарына жатады. Тасбақа қалдықтарының жасы 220 миллион жылдан асады.
Гренландия киттері
Гренландия киттері - әдетте Солтүстік жарты шардың полярлық аймақтарында өмір сүретін теңіз сүтқоректілері. Олардың денесінің ұзындығы 20 метрге, ал массасы 150 тоннаға жетеді. Бұл киттер 200 метр тереңдікке сүңгуге және онда 40 минутқа дейін қалуға қабілетті. Орта есеппен олар сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүзеді.
Гренландия киттерінің көпшілігі шамамен 40 жыл өмір сүреді, бірақ 200 жасқа дейін өмір сүретіндері бар. Бұл - омыртқалылар арасындағы рекорд. Көптеген бақылауларға қарағанда, оларі ұзақ өмір бойы өсіп, дамиды. Жасы ұлғайған сайын даму қарқыны бәсеңдемейді. Бірақ қартайған сайын көру қабілеттері нашарлап, жартастарға соғылып мертігеді.
Ал сіз мәңгілік өмір сүруді қалар ма едіңіз?