Саясат
Вадим Борейко пікірінше, Әбдіхалықова ханымның жадында КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясының 60-бабы сақталып қалған
Шенеуніктер арасында Конституцияны ескермей, тіпті оның бар екенін ұмытып кету жаңа трендке айналып келе жатқан сияқты. Оны кезекті рет вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова дәлелдеп берді. 29 наурыз күні, Ақмола облысында іс-сапармен жүргенінде: "Әрбір адам, мүмкіндігі болса, еңбек етуге міндетті" деп мәлімдеді. Халыққа қызмет ететін әр шенеуніктің сөзі мен ісіне аса кірпияз қарайтын журналист Вадим Борейко вице-премьердің бұл сөзін егжей-тегжейлі талдап берді.
Конституцияның 24 бабы, 1 тармағында былай делінген: "Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі”. Бұл сөйлемде "құқық", "бостандық" және "таңдау" сөздері бар, бірақ ешқандай "міндет" туралы айтылмаған.
Ал міндеттер 34-38 баптарда жазылған:
– әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті;
– әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті;
– салық төлеуге;
– ҚР қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті;
– ҚР азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;
– ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті;
Болды, тізім осымен тәмам.
Гүлшара Наушаевна назарына: еңбек етуге деген құқықтың ішіне адамның еңбек етпеу құқығы да кіреді. Бұл адамның еңбек бостандығы.
Вадим Борейко пікірінше, Әбдіхалықова ханымның жадында КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясының 60-бабы сақталып қалған:
"Қоғамға пайдалы еңбектен қашу социалистік қоғамның принциптеріне жат".