Weekend

Шал – шайтанның аты ма?

Шал деген сөздің мағынасы қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АТА – Адам Ата, Адай Ата, Қараман Ата,  Үкаша Ата, Шақпақ Ата, Шопан Ата, Бәйдібек Ата, Масат Ата, Бекет Ата т.т. болып, Ата сөзі ұрпаққа Ата болып мойындалған ұлы тұлғаларға ғана қосылып айтылады. Адам баласына өз аталарынан артық үлгі болар адам жоқ.

АҚСАҚАЛ – Ақ, Сақ, Ал деген үш біріккен сөздерден тұрады. Ақ (Ақпан, Ақиқат), Сақ (Сақтар), Ал (Алаш, Алты Алаш, Алшын). Қазақтың Ақсақал деген абыз атына ие болған осылар.  

АБЫЗ – өзінің асқан білімді, даналығымен елге басшылық жасайтын, əрі жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап, жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан əлеуметтік тəртіптің ертедегі нормалары мен принциптерін жетік меңгерген беделді тұлға. Aбыздардың негізгі қызметі – хан, қолбасшы төңірегінде болып сəуегейлік, болжаушылық жасау болған.

Қазіргілер «Қазақтың абыз ұғымын арабтың «хафиз» деген сөзінің түрленген нұсқасы» деген анықтама береді. Ақиқатында, Абыз ешқандай да арап сөзі емес, таза қазақи сөз.  .Абыз – аб және ыз (із) деген екі біріккен сөзден тұрады. Абызды сөз түбірімен сараласақ, «Аб» деген түбір, қазақтың ежелгі Ата-баба дегеніндегі баба, яғни әке ұғымын береді.

Ұлы аталарымыздың сан мыңдаған жылдардан бері ауыздарынан тастамай келе жатқан:

       «Түркістанда түмен бап,
       Сайрамдағы сансыз бап,
       Отырарда отыз бап,
       Баптардың бабын сұрасаң,
     Ең үлкені Арыстан бап» дегеніміздегі баптарымыздың түбірі осы «аб». Ал, пірлердің Пірі Медина да Мұхамбет, Түркістан да Қожа Ахмет және Маңғыстаулық Әулие Бекет Пір Аталар осы баптардың жалғасы  болып табылады.ҚАРИЯ -  Қар және Ия деген екі біріккен сөзден тұрады. 

Қар –  Қар мен Ақ синоним. Аппақ қарды - Ақша Қар дейтініміз осыдан. Қардың түбірі «Ар».

Адамның қорғауға тиіс ары не? Ол: ар-иманы (сенімі), Атамекен туған жері, Отаны және Отбасы. Қазіргі жағдайда бұлардың қатарына Ата салтымыз бен дәстүрімізді, тіліміз бен дәстүрлі дінімізді қосуымыз керек. Адамда осылар болса және оны қорғай алатын сенімі болса, ол адамның Арының бар болғаны. Осылардың бәрі, немесе жартылай жоқ болса, ол адамның Ары жоқ, Арсыз болғаны. Ежелгі қазақтар бірімен-бірі кездесіп амандасқан да "АРМА", яғни қорғайтын "АРЫҢ БАР МА?" деп амандасып, оған "БАРБОЛ", яғни "АРЫҢ БАР БОЛСЫН!" деп жауап берген. Мұндай амандасу салты "Қобланды батыр" жырында төрт рет қайталанып, айшықтап айтылады.

Ал, «Ия»-ға келсек, бұл сөз бізде Азия құрылығы атауының екінші буынын да және сонымен қатар, әлемге соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы қолбасшысы Шыңғыс қағанды берген Бөржігін (Бөрі жігі) Адайдан тарайтын Қиян (Қият) руының сөз түбірінде тұр.

Бұл сөздің бізге айтып тұрғаны, адам баласы кәртейген шағында Ары «аппақ қардай» болып, адами жақсы қастиеттердің ең биік шыңына шығуға тиіс деген сөз. Ежелгі қазақ қариялары осындай болған.

ШАЛ – «Шал-шайтанның аты», шала, шалағай, шалапай, шалатуған, шалажансар, шалшық (теңіз де емес, көл де емес, лас су жиналған шұңқыр), алжыған шал, пəтуəсіз шал, қақпас шал, мылжың шал, картожник шал, мəдениетсіз шал, надан шал, соқыр шал, сорлы шал, жетесіз шал, шалқайған шал, еңкейген шал, орыстың арағын бөшкелеп ішкен алқаш шал, коммунист шал, жағымпаз шал, парақор шал, жемқор шал, қорқақ шал, өсекші шал, өтірікші шал, шалшықта боқ суға былғанып жатқан маскүнем шал, аузынан «ақ ит кіріп, қара ит шығатын» боқтампаз шал, өзі тойса да, көзі тоймайтын, ішкен-жегенін білмейтін мешкей шал, ақылсыз шал, ақымақ шал, жаман шал, есірік шал, ерме шал, шошқашы шал, томырық шал, шайтан шал, қотыр шал, менмен шал т.т. Шалдың осындай қасиеттері тым көп болады. Шал жақсы сөз болса, осындай «атақ-дәрежелер» қосақталып аталар ма еді. 

Кейбіреулер «шал» деген жақсы сөз, деп өзеуреп жатады. Солардан «жақсы сөз болса өз үйіңдегі атаңа «Шал!», «Әй, Шал!» деп сөйлейсіз бе?» дегенде барып қана үндей алмай қалады.

Қазіргі таңда «шал» деген сөзді орыс тілді билікте жүрген «шенеуніктер» өте жиі қолданады. Өздерінен жасы үлкендердің бәріне «шал» деп сөйлейді. Өздері, бізде «міне, Шал болдық» деп масаттанып, марқайып, мақтанып жүреді. Адам арланатан, қорланатын сөздердің «мақтанға» айналған заман-ай!

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

Дереккөз: Ұлт ақпарат