Экономика
Ақшаң болса қалтаңда...
Кез-келген мықты мемлекеттің негізгі көрсеткіштері оның ішкі айналымдағы валютасында. Кей теңгерімдер мемлекеттің ішкі нарығымен қатар, сыртқы айналымдарында да басым рөл атқарып жатады. Араб түбегінінің тұрғындары еш жұмыс істемей, мемлекеттің дотацияларын алып-ақ шаттықта өмір сүретіні ешкімге құпия емес. Оның ішінде Катар, Йемен, Кувейт, Оман, Бахрейн сияқты елдер – әлемдік аренадағы мұнай экспорты бойынша алпауыт мемлекет саналады. Сәйкесінше бұл құбылыс олардың экономикалық көрсеткіштерін жоғарыда ұстап келеді. Қазірдің өзінде аталған мемлекеттердің ұлттық валюталары сөзсіз құнды саналады, бірақ сұраныс азайып келеді. Оның бір себебі, елдегі табиғи ресурстар яғни мұнайдың да бір күні бітетін шегі болады. Демек, құнды облигациялар мен акцияларын салып отырған ірі корпорациялар ептеп жағаларын тартуда.
Әлемдегі ең құнды валюталардың ондығы соңғы онжылдықта өзгерер емес. Сонымен:
1. Кувейт динары (KWD). Кувейт – Парсы түбегінің жағалауында орналасқан, мұнай қорына өте бай мемлекет. Ұлттық валютасының аты – ежелгі Римнің жазбаларында жиі кездесетін сөзбен сәйкестендіріп қойылған. 1996 жылдан бері айналымда.
2. Бахрейн динары (BHD). Екінші орында бахрейн динары. Бахрейн – монархиялық басқаруға жақын әмірлік. Соңғы он жылдан аса уақытта, американдық доллармен тығыз байланыста. Сәйкесінше әмірліктің теңгерім курсы, американдық валюта курсының өзгеру-өзгермеуіне тікелей байланысты.
3. Оман риалы (OMR). Оман мемлекеті – VII ғасырда сол түбекті басқарған шейхтардың алғашқы династиясының атымен сақталған ежелгі мемлекет. Риал да тікелей американдық доллар курсымен тығыз байланыста.
4. Иордан динары (JOD). Рейтингтің төртінші орыны иордан динары – Иорданияның ұлттық валютасы. Қаржылық тұрғыда бұл мемлекет жеткілікті дамыған, мықты мемлекет. Елдің экономикасы толыққанды мұнай өндірісі мен ауылшаруашылығына негізделеді.
5. Фунт стерлинг (GBR). Ең құнды валюталар тізімінің бесінші орынында фунт стерлинг – Ұлыбританияның ұлттық валютасы. Фунт стерлингтің ең алғашқы басылымдары XVII ғасырдан, нақтырақ 1694 жылдан бастау алады.
6. Кайман аралдарының доллары (KYD). Кайман аралдары британдық территорияға тиесілі және салық сферасындағы заңдары барынша жеңілдетілген мемлекет. Ұлттық валютасы 1972 жылдан айналымда. Валюта курсы фунт стерлинпен тығыз байланысты.
7. Еуро (EUR). Еурозонаға кіретін 17 және кірмейтін 9 мемлекеттің ресми валютасы. Евровалюта әлемге 1999 жылы таныстырылған болатын. Бүгінде Еуропа нарығында өз теңгерімін тұрақты ұстап келе жатыр.
8. Швейцариялық франк (CHF). Швейцарияға әлемдегі ең тұрақты, ең бай мемлекет десек қателеспіз. Мемлекеттің банктік жүйесі бірнеше жүзжылдық қатарынан ең берік, ал швейцариялық франк – сенімді валюта болып келеді.
9. АҚШ доллары (USD). Әлемдегі ең танымал валюта – АҚШ доллары. Нарықтағы сату-сатып алу операцияларының 50 пайызы аталмыш валютамен жүргізіледі. Мұнай саласындағы барлық келісімдер АҚШ долларына арқылы жүзеге асады.
10. Ливия динары (LYD). Соңғы жылдары Ливия азаматтық қақтығыстар мен саяси қиындықтарды бастан кешіріп жатса да, ұлттық валютасы, елді күйреуден сақтап тұр.