Bugin

17 жастағы жасөспірім аттракционда қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франциядағы ойын-сауық саябағында 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды. 

Қайғылы оқиға 6 тамызда Францияның Кап-д'Агде курорттық қаласындағы ойын-сауық саябағында болған. Онда 17 жастағы жасөспірім мен 19 жастағы бойжеткен 60 метр биіктіктен еркін құлауды имитациялайтын «Адреналин» аттракционына мінген. 

Осы кезде куәгерлер олардың құлау сәтін видеоға түсіріп алған.Аттракцион жерге жақындай бергенде жігіт орындықтан құлап кетеді. Ол оқиға орнында көз жұмды. Ал жанындағы бойжеткен ауыр жарақат алған.

Оқиғаның видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.