Bugin
Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енбегенін айтты.
"Қазір Қазақстан тарапы барлық мемлекетішілік рәсімді аяқтады және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен осы келісімді бекітті. Ал 28 шілде күні Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігіне хабарлама жіберді. Қазір біз Қытай тарапынан ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы тиісті хабарламаны күтіп отырмыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жарияланады.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режимге қол қойғаны туралы хабарлаған болатынбыз.