Bugin

Астанада су тасқынынан кейін жауапты шенеунік қызметінен қуылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Elorda ecosystem" директоры Тимур Годунов Астана жолдарын су басқаннан кейін қызметінен босатылды.

Ол "нөсерлі кәріз жүйелерінің дұрыс жұмыс істемей, кейбір жерлерде су басуына жол бергені үшін" жұмыстан шығарылды.

"Қаланың нөсер суын қабылдайтын кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және салдарынан кейбір учаскелерді су басуға жол берілгені үшін "Elorda eco system" директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды. Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен "Elorda eco system" алдына жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды, Атап айтқанда, бұлар: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және тағы басқалары", - делінген әкімдік мәліметінде.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен "Elorda ecosystem" алдында жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды жүргізу міндеті қойылған.