Bugin

Шымкентте жоғалған 18 жасар қыз жертөледен өлі күйінде табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте 4 тамыз күні жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың мәйіті табылды.

 

5 тамыз күні Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп қайта оралмаған. 

Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған. Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ.

8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі мәйітін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады.  Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.

"ҚР ҚК 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды" - делінген хабарламада.