Weekend

Розето жұмбағы: ұзақ өмір сүрудің сыры

Әлемдегі қызық жайт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл таңғажайып оқиғаның тарихы ХХ жылдың 60 жылдарында сыра мейрамханасынан бастау алды. Дәрігерлер сыра артынан сыра, сөз артынан сөз қуып отырып, Пенсильваниядағы Розето қалашағы жайында әңгіме шертеді. Әңгімеге құмартқан жергілікті университеттің медицина факультетінің деканы Стюарт Вульф айтылған қаланы зерттеп көрмекші болады.
Розето-Вафорте қаласы Римнің оңтүстік-шығыс бөлігінде 160 км қашықтықта орналасып, ортағасырлық сәулетпен салынған еді. Ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан жергілікті тұрғындар мраморлық карьерада жұмыс істеп, күн сайын тауға шығып-түсіп 6 шақырым жүріп, тіршіліктерін жасайды. Қанша еңбектенгендерімен крестьяндардың жағдайы айтар­лықтай өзгермейді. XIX ғасырдың соңында мұхиттың арғы жағында мүмкіндіктердің көптігінен хабардар болған тұрғындар жолға дайындалады. Алдымен 1882 жылы мұхит арқылы 11 ер адам Нью-Йоркке аттанады. Олар Нью Йорк­тен 145 км қашықтықта орналасқан сланц карьерасында жұмысқа аялдап, қоныстанады. Осылайша жыл сайын Италиядан көшіп келушілер көбейіп тек қана 1894 жылы 1200 розетондықтар АҚШ-қа келеді. Олар Пен­сельванияның қасын­дағы таудың жанында жаңа қалашықтарын құрады. Бұл қалашықтың жанында олардан өзге неміс, ағылшындар да тұратын еді. Әдеттегі қалашықтың бірі саналып келген Розетоның ерекшелігі Стюарт Вульфтың зерттеуінен кейін әлемге танымал болады.

Эпидемия неге жоқ?
1950 жылы Оклахома университетінде қызмет жасайтын Вульф жазғы демалыс уақытында Пенсельванияға барады. Пенсельванияда жергілікті медициналық орындарындағы кезекті лекциясынан кейін оны жергілікті дәрігер мейрамханаға шақырып, Розето қалашығының ерекшелігін баян­дап береді. Ол кезеңде АҚШ штаттарында жүрек аурулары, инфаркт дендеп тұрған кез болатын. Ал жергілікті дәрігер соңғы 17 жылда Розето қалашығынан 65-тен төмен азаматтардың жүрегі ауырмайтынын таңданыспен айтады. Ал жүрек ауруы сол уақытта 65-тен төмен тұлғалардың арасында жаппай таралған еді. Тіпті бұл аурудың шипасы да болмады. Бұл ерекше жайтты естіген Вульф Розето қалашығының құпиясын ашпақ мақсатында зерттеуге аттанады.
1961 жылы Вульф өзінің серіктестерінің көмегімен Розето тұрғындарынан қан алып, электрокардиограммадан өткізеді. Нәтижесінде бұл қалашықта жалпы штаттан қарағанда өлім деңгейі 30-35% аз болып шығады. Зерттеу қорытындысын көрген Вульф артынша досы әлеуметтанушы Джон Брунды шақырады. Джон Брун барлық үйлерге зерттеу жасап, қылмыстың, нашақорлықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың жоқтығына таңданады.
Вульф бар құпияны жергіліктің халықтың арнайы диета ұстауында деп санады. Өйткені Италиялықтар пиццаны тұз, томат, сарымсақпен жасайтын еді. Бірақ Розетода жағдай мүлдем өзгеше болды. Олар пиццаны өзгеше түрде асқазанға ауыр жұмыртқа, шошқаның етімен жасайтын болып шығады. Жаңа жылда ғана бір рет тұтынылатын тәттілер, Розетолықтардың күнделікті тағамы еді. Диетологтардың зерттеуі де, жергілікті халықтың семіздікпен жиі шалдығатынын көрсетті.
Вульф ендігі сәтте тұрғындардың ерекше құбылысын спортпен айналысауында деп ойлады. Бірақ бұл ойынан жедел арада бас тартуына тура келді. Себебі розетондықтар ерте тұрып жүгіретін, жаттығулармен айналысатындардың қатарында емес еді.
Розето қалашығының ерекшелігі диета мен спорт болмаса, онда олардың гені мықты шығар? Вульф жергілікті тұрғындардың медициналық құжаттарымен танысып, пәлендей ерекше қорғаныстық генінің жоқтығына көз жеткізді.
Сосын бұл ерекшеліктің бар құпиясы географиялық орнында деп ойлап, көршілес екі қалашықпен салыстырады. Бірақ көршілес еуропалық иммигранттардың арасында жүрек ауруынан қаза табатындардың мөлшері Розетодан қарағанда 3-4 есе жоғары екенін зерттеу нәтижесі көрсетіп берді.
Осылай Вульф Розетоның құпиясы диета, спорт, ген, географиялық орналасуынан еместігіне көз жеткізіп, қаланың ішкі өміріне үңіледі. Қаланың ішкі өмірінде тек қана италия тілінде ғана сөйлесетіні, көшеде бір-бірімен жақсы араласатыны, ата-әжесімен, ата-аналары, балаларымен бірге тамақ ішетіндігіне Вульф пен Брун куә болады. Сонымен қатар олар қалада кедейшіліктің жоқтығы, байлардың кедейлерге ұдайы көмектесетіндігіне, бас­тысы бір-бірінен айырмашылықтары жоқтығын көреді. Дәл осындай жағдайлар сол уақытта Италияның ауылдық жерлерінде тән болатын. Розето тұрғындары АҚШ-қа қоныс аударғанына қарамастан, Италиялық мәдениетті барынша ұстануы эпидемиядан аман алып қалды. ­Вульфта Розетоның бар құпиясы оның ұлттық дәстүрін ұмытпайтындығында екеніне көз жеткізіп, медицина әлеміне жаңашылдық енгізеді.
Сіздер Розето қаласының таңға­жайып ерекше сырына куә болдыңыздар. Ендігі кезде еліміздің ұлттық байлығын қолдан келгенше сақтап дамуымыз өз қолымызда екенін ұқтық. Ендеше кірпіш боп қаланар сәт туған секілді.