Bugin
Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала темір қоршауға қыстырылып қалды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі жазды.
Оқиға 8 тамыз күні Теректі ауданы Юбилейный ауылында болған.
«Сағат 17.19-да 2017 жылғы баланың металл қоршауға қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары балақайдың үй маңындағы қоршаудан шыға алмай тұрғанын көреді. Құтқарушылар алдымен оны сабырға шақырып, содан кейін арнайы құралдардың көмегімен металл қоршаудан алып шығып, ата-анасына табыстады», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өскеменде 8 жасар баланың өрт болған үйде қалып қойғаны туралы жазған болатынбыз.