Bugin

Қаратауда жеті жасар баланы ит талады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеті жасар баланың беті мен аяғын ит қауып алды. Оқиға Қаратау қаласында болған.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бала ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілді, тексеру кезінде оң жақ беті және екі аяғы жараланған, көп қан кеткені анықталды.

Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

"Жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Хирургиялық бөлімде оған тиісті ем жасалып жатыр", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы. 

Ведомствоның мәліметінше, балаға аудандық аурухананың психологтары көмек көрсетіп жатыр.

Бұған дейін 6 жасар баланың басы темір қоршауға қыстырылып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.