ТӘРБИЕ

Жапонияда теміржол вокзалы бір оқушы қыз үшін үш жыл жұмыс істеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапонияның Хоккайдо аралындағы Ками-Сиратаки станциясы бір оқушы қыз үшін үш жыл жұмыс істеген. 

Пойыз Ками-Сиратаки станциясына қызды сабаққа әкетіп және кері әкеліп тастау үшін күніне екі рет тоқтаған. 

poleninwonerland.blogspot.com

2013 жылы Жапония теміржол басқармасы жолаушылар тасымалының аздығына байланысты станцияны жабу туралы шешім қабылдайды. Бірақ қыздың мектепке күн сайын осы пойызбен ғана бара алатынын біліп, станцияны жартылай ғана жабады. Қалған бөлігі жұмысын жалғастырады. 

poleninwonerland.blogspot.comСтанция жыл сайын жөнделіп, қыста қардан тазартылып отырған. Ал тасымалдау уақыты қыздың сабақ кестесіне қарай өзгеріп отырды. 

poleninwonerland.blogspot.comКами-Сиратаки станциясы 2016 жылы қыз мектепті бітіргенде жұмысын тоқтатты.