БІЛІМ
Ресейде өзін ашықтан-ашық орыс деп есептейтін қазақтардан бөлек, Украинамен соғысқа қатысып жүргендері де аз емес. Мұны өткен жылы Украинада болып жатқан соғыста қаза тапқан қазақтардың санынан байқауға болады.
Facebook желісін қолданушы Руслан Шынтас сол кезеңде қаза болғандар қазақтардың саны буряттардан, дағыстандықтардан, татарлардан және башқұрттардан да көп екенін жазған еді.
Сонау Оңтүстік Осетиядағы қарулы қақтығыс кезінде де Ресей әскерінің сапындағы пулеметші этникалық қазақ өзінің ерлігімен көзге түскен. Путин бұл соғыста елдің 20 пайыз аумағын басып алған. Осы ісінен кейін ол "орыс жерін жинаушы" деген атақты иеленді.
Оның есімі - Тасболат Ибрашев. Астраханның этникалық қазағы.
2008 жылы осы қақтығыс кезінде грузин колоннасының жолын автоматпен жауып тастаған Тасболаттың суреті әлемге тараған еді.
Әуелде суреттегі адамды этникалық бурятпен шатастырып, кейін оның Тасболат екенін дәлелденген.
Ресей Қорғаныс министрлігіне Тасболатқа осы ерлігі үшін марапатқа ұсынылған. Бірақ олар беруден бас тартты. Осылайша батырдың ерлігі тез ұмытылды.
Тасболат өткен жылы Украинамен соғысып жүрген Ресей әскеріне сәттілік тілеген.
"Біз ДХР мен ЛХР-ның орыссүйгіш жұртына көмектесіп, Украина ұлтшылдарынан қорғауымыз керек", - деп сөйлеген еді. Желі қолданушыларының айтуынша, бұл сөзі оның біреу үшін "батыр" немесе "басқыншыға" айналғанын білдіреді.