Bugin

Желіде жасөспірімнің полициядан қашқан видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысында GTA ойынына ұқсас оқиға видеоға түсіп қалды. Мас күйінде көлік тізгіндеген жасөспірім оны тоқтатқысы келген полицейлерден жасырынуға тырысты.

Өткен түнде полицейлер көзге түскен ВАЗ көлігінен тоқтатуды талап еткен, бірақ тоқтаудың орнына жүргізуші жылдамдығын көбейтіп, жасырынуға тырысқан. Полиция қызметкерлері көліктің соңынан қуып, 20 минуттан кейін қызметтік УАЗ-бен жолды жабу арқылы жігітті ұстаған.

"Көлікті 17 жастағы алькогольдік сусынға мас жасөспірім жүргізген. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған Telegram-арнада.

Еске салайық, бүгін жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған адам да мерт болғанын хабарлған едік.