Bugin
Ақмола облысының тұрғыны кәріс жүйесіне құлап, мерт болды.
16 тамызда Шортанды ауданындағы елді мекендердің бірінде 66 жастағы тұрғын кәріз жүйесіне құлап кетіп, көз жұмды.
Жазатайым оқиға түнгі уақытта, үйдің ауласында болған. Қарт адам туыстарына қонаққа барған.
Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды.
Еске салайық, Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапқанын хабарлаған едік.