Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда әйелдерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды.
1981 жылы туған К. есімді ер адамға қатысты 9 тонау дерегі бойынша айып тағылды.
"Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сараланды. Ол "Жетісу-3" ықшамауданында күдікті қыздың соңынан еріп, оған шабуыл жасап, алтын алқаны иемденіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші материалдық шығынды 250 мың теңгеге бағалаған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Еске салайық, бүгін Шымкенттік тұрғын Алматыға келіп жоғалып кеткенін хабарлаған едік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61